AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Президент Жолдауы саяси реформалардан экономикалық...

Президент Жолдауы саяси реформалардан экономикалық дамуға көшуді айқындады - сарапшы

Жолдау Бүгін 14:45 42
Президент Жолдауы саяси реформалардан экономикалық дамуға көшуді айқындады - сарапшы
РСК Алматы

Қаржыландыру көлемімен қатар, атқарылған жұмыстардың сапасына бақылау жасауға да ерекше назар аудару қажет, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстан дамуының жаңа кезеңін айқындады. Бұл кезеңде экономикалық өсім, инфрақұрылымды жаңғырту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру басты басымдықтарға айналады. Ел ауқымды саяси өзгерістер кезеңінен әрбір қазақстандық сезіне алатын нақты нәтижелерге бағытталған жобаларды жүзеге асыру кезеңіне қадам басып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Президент Жолдауын сараптамалық талқылауға арналған брифингте Қазақстан Халық дипломатиясы орталығының вице-президенті, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» президентінің кеңесшісі Виталий Колточник мәлімдеді.

Сарапшының айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстан елеулі саяси өзгерістерді бастан өткеріп, мемлекеттік институттарды жаңартып, басқару жүйесін реформалады. Ендігі кезекте экономикалық даму, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың күнделікті өміріндегі өзекті мәселелерді шешу алдыңғы орынға шығады.

Басты бағыттардың бірі - «Халықтық құрылыс» жалпыұлттық бағдарламасы аясында инфрақұрылымды жаңғырту. Спикердің сөзінше, бұл мақсаттарға Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге қарастырылған. Оның алғашқы 1,5 трлн теңгесін 2026-2027 жылдары жүзеге асырылатын жобаларға бағыттау жоспарланып отыр. Атап айтқанда, инженерлік желілерді жаңарту, мектептер мен медициналық мекемелер салу, автомобиль жолдарын жөндеу және дамыту көзделген.

Виталий Колточниктің пікірінше, қаржыландыру көлемімен қатар, атқарылған жұмыстардың сапасына бақылау жасауға да ерекше назар аудару қажет.

«Жол саласында қатаң әрі бірізді басқару жүйесі қалыптасып келеді. Бұған дейін орталық пен өңірлердің сапасыз асфальт үшін бір-біріне жауапкершілікті ысыра салатын жағдайлары жойылды. Енді бүкіл жол желісі Көлік министрлігінің бірыңғай басқаруына берілді. Жауапкершілік нақты белгіленіп, бақылау цифрлық форматқа көшірілді», - деді Виталий Колточник.

Сарапшы Президент Жолдауындағы тағы бір маңызды бағыт ретінде халықтың әл-ауқатын арттыру мәселесін атады.

Әсіресе 2027 жылдан бастап ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру, инфляцияны тежеу және әлеуметтік қолдау тәсілдерін өзгерту жоспарларына тоқталды.

Спикердің пікірінше, мемлекеттік көмек ең алдымен нақты мұқтаж азаматтарға бағытталуға тиіс. Ол үшін отбасылардың материалдық жағдайын бағалауға және шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін цифрлық құралдарды кеңінен пайдалану ұсынылып отыр.

«Отбасының цифрлық картасы мұқтаждық деңгейін дәл анықтайтын құралға айналып келеді.

Жәрдемақылар автоматты түрде және нақты мұқтаж жандарға тағайындалады. Жүйеден негізсіз көмек алып келген адамдарды алып тастау арқылы мемлекет шын мәнінде қолдауға зәру азаматтарға елеулі көмек көрсете алады. Әлеуметтік көмек реформасының негізгі мәні - мемлекеттік қаражаттың, ең алдымен, өмірлік қажеттілігі бар адамдарға жетуін қамтамасыз ету. Ал еңбекке қабілетті азаматтар өз еңбегімен табыс табуға көбірек мүмкіндік алуы керек», - деп түсіндірді сарапшы.

Сарапшы Қазақстанның технологиялық дамуына да ерекше назар аударды. Виталий Колточник экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін елдің энергетикалық әлеуетін арттыру, жасанды интеллектіні енгізу және цифрлық сервистердің мүмкіндіктерін кеңейту қажеттігін атап өтті.

Оның айтуынша, заманауи технологиялар мемлекетке жол құрылысы жұмыстарын тиімді жоспарлауға, су ресурстарын ұтымды бөлуге және өңірлердің әлеуметтік нысандарға деген қажеттілігін анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, цифрландыру ірі бизнеске ғана емес, қарапайым азаматтарға, соның ішінде ауыл тұрғындарына да жаңа мүмкіндіктер ұсынуы тиіс.

Сарапшының сөзінше, Президент Жолдауындағы тағы бір маңызды тақырып - «Таза Қазақстан» бастамасы. Виталий Колточник оның маңызы экологиялық акциялар мен қалаларды абаттандыру шараларымен ғана шектелмейтінін атап өтті. Бұл бастама қоғамның еңбекке, заң талаптарын сақтауға және елдің ортақ болашағы үшін жауапкершілікке деген көзқарасын өзгертуді де көздейді.

«Нағыз тазалық ой-санадан басталады. Егер адамдардың санасында және басқару кабинеттерінде ескі әдеттер сақталса, озық технологиялық экономиканы құру мүмкін емес. «Таза Қазақстанның» жаңа кезеңі мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі барлық саланы ауқымды түрде жаңартуды білдіреді. Бүгінде тазалық құндылықтарын ұстану дегеніміз - жоғары еңбек мәдениетін қалыптастыру, заңды құрметтеу және ортақ игілікке ұқыптылықпен қарау», - деп атап өтті спикер.

Қорытындылай келе, Виталий Колточник Жолдауда белгіленген міндеттердің табысты жүзеге асуы мемлекеттік шешімдерге ғана емес, институттардың тиімді жұмысына, бизнестің жауапкершілігіне және азаматтардың белсенді қатысуына да байланысты екенін айтты.

Оның пікірінше, Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі басты мақсат - қолға алынған бастамалар мен жобалардың нәтижесін халықтың күнделікті өмірде сезінуі. Яғни, бұл өзгерістер қалалардың дамуы, жұмыс орындарының көбеюі және азаматтардың тұрмыс сапасының жақсаруы арқылы көрініс табуы керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 мыңнан астам алматылық коммуналдық автотұрақ жеңілдіктерін пайдаланып жүр

Бүгін 15:55

ҚазҰУ-да ЮНИСЕФ Жастар хабы өз жұмысын бастады

Бүгін 15:53

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Бүгін 15:51

Қазақстанда өсімдік майының өндірісі артты

Бүгін 15:41

Үздік наубайханашылар анықталды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);