AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / 15 мыңнан астам алматылық коммуналдық автотұрақ же...

15 мыңнан астам алматылық коммуналдық автотұрақ жеңілдіктерін пайдаланып жүр

Алматы Бүгін 15:55 51
15 мыңнан астам алматылық коммуналдық автотұрақ жеңілдіктерін пайдаланып жүр
Алматы әкімдігі

Алматыда 15 344 автокөлік иесі коммуналдық ақылы автотұрақтарда жеңілдіктерді пайдаланып жүр. Қалада тұрғындардың әртүрлі санаттарының мүддесін ескере отырып, коммуналдық ақылы автотұрақ жүйесін жетілдіру жұмысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Басым бағыттардың бірі халықтың әлеуметтік осал топтары мен жеңілдік алуға құқығы бар басқа да санаттағы азаматтар үшін автотұрақ инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл туралы «Алматы Паркинг» КМК мамандары айтты.

Жеңілдік I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көпбалалы отбасыларға, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккен отбасылардың мүшелеріне беріледі. Бұл мүмкіндік электромобильдер мен арнайы көлік құралдарының иелеріне де қарастырылған.

Қазіргі таңда қалада 17 мыңнан астам коммуналдық автотұрақ орны бар. Алдағы уақытта олардың санын 25 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Бұған қоса, көлік иелеріне қызмет алу уақытын үнемдеу үшін жеңілдікпен тұрақтауға арналған рұқсаттарды рәсімдеу тәртібін оңайлату және цифрлық сервистерді дамыту көзделген.

«Алматы Паркинг» КМК мамандарының мәліметінше, автотұрақ желісін кеңейту жұмыстары қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар жүргізіледі. Сондай-ақ тұрақ орындарының тұрғындардың әртүрлі санаттары үшін қолжетімді болуына басымдық беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автотұрақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрілік заттардың жаңа 500 түрін шығару және цифрлық бақылауды кеңейту жоспарлануда

Бүгін 16:54

Жасанды интеллект диагностиканы жеделдетеді: Алматыдағы зертхана тәулігіне 15 мыңға дейін сынаманы өңдейді

Бүгін 16:45

Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 16:43

Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдады

Бүгін 16:21

Алматыда «Абай даңғылының бойымен» иммерсивті аудиоспектаклі әзірленді

Бүгін 16:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);