AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚазҰУ-да ЮНИСЕФ Жастар хабы өз жұмысын бастады

ҚазҰУ-да ЮНИСЕФ Жастар хабы өз жұмысын бастады

Білім және ғылым Бүгін 15:53 66
ҚазҰУ-да ЮНИСЕФ Жастар хабы өз жұмысын бастады
ҚазҰУ баспасөз қызметі

Хабтың қызметі тәжірибеге негізделген оқытуды, волонтерлікті және балалар мен жастардың мүддесіне бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтиды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub орталығында Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ЮНИСЕФ Жастар хабының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа интерактивті кеңістік студенттік бастамалардың орталығына айналып, жастардың заманауи құзыреттерді меңгеруіне, ауқымды әлеуметтік жобаларды әзірлеуіне және қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге белсенді атсалысуына мүмкіндік береді.

Хабтың қызметі тәжірибеге негізделген оқытуды, волонтерлікті және балалар мен жастардың мүддесіне бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтиды. Кеңістік үш функционалдық аймаққа бөлінген: білім беру алаңы, цифрлық контент жасау студиясы және қарым-қатынас пен нетворкинг аймағы. Негізгі жұмыс бағыттарына психикалық саулықты нығайту, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, цифрлық ортадағы қауіпсіздік, салауатты өмір салтын насихаттау және қоршаған ортаны қорғау кіреді.

Ашылу салтанатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректор Бақытжан Омаров университеттің жастарға өз мүмкіндіктерін сынап көруге, зерттеуге және жеке даму жолын табуға жағдай жасайтынын атап өтті.

«ЮНИСЕФ-пен бірлесіп хаб ашу арқылы біз студенттердің алған білімін қоғамдағы нақты мәселелерді шешуге қолдануына қосымша мүмкіндік жасап отырмыз. Мұнда жастардың басын қосатын командалар құрылып, тың идеялар туындап, оларды жүзеге асыруға деген жауапкершілік қалыптасуы біз үшін маңызды», – деді проректор.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің міндетін атқарушы Милена Харизанова да жастардың әлеуетіне ерекше тоқталды. «Жастардың өз идеялары мен әрекет етуге деген ынтасы бар. Біздің міндетіміз – оларға қажетті білім мен қолдау көрсетіп, шешім қабылдау үдерісіне ықпал етуге мүмкіндік беру. Бұл хабтан балалардың қауіпсіз ортада өмір сүріп, өз қабілеттерін толық ашуына ықпал ететін бастамалар туындайды деп сенеміз», – деді ол.

Шара барысында жастар, университет, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жас буынға арналған мүмкіндіктер, психологиялық саулық, қауіпсіз орта қалыптастыру және экологиялық бастамаларға қатысу мәселелерін талқылады. Алматыдағы хаб ЮНИСЕФ-тің еліміздің алты өңірін қамтитын жастар хабтары желісіне кіреді. Бұл желіде Астана, Шымкент, Ақтау, Семей және Көкшетау қалаларындағы орталықтар да бар. Алматыдағы хабтың қызметі Талдықорған мен Қонаев қалаларының жастарымен өзара ынтымақтастық орнатуды да көздейді.

Хабтың жұмыс бағыттарын Жастар кеңесінің қолдауымен студенттердің өздері айқындайды. Жоба UNICEF Zhastary онлайн-платформасымен интеграцияланған. Платформада қатысушылар арнайы курстардан өтіп, практикалық тапсырмаларды орындайды және волонтерлік бастамаларға қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрілік заттардың жаңа 500 түрін шығару және цифрлық бақылауды кеңейту жоспарлануда

Бүгін 16:54

Жасанды интеллект диагностиканы жеделдетеді: Алматыдағы зертхана тәулігіне 15 мыңға дейін сынаманы өңдейді

Бүгін 16:45

Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 16:43

Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдады

Бүгін 16:21

Алматыда «Абай даңғылының бойымен» иммерсивті аудиоспектаклі әзірленді

Бүгін 16:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);