Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Тоқаев 100 жасқа толған қазақ журналисін...

Президент Тоқаев 100 жасқа толған қазақ журналисін құттықтады

Әлеумет 23.07.2021, 12:33 2,079
Президент Тоқаев 100 жасқа толған қазақ журналисін құттықтады
Сурет: Gov.kz

Министр Балаева журналист Ақжоловаға Президенттің хатын жеткізді.


Алматы облысының тумасы, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, ардагер журналист Ханымбүбі Ақжолова 100 жасқа толды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


23 шілдеде Алматы қаласындағы «Достық үйінде» Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ардагер журналист Ханымбүбі Ақжолованың 100 жасқа толуына байланысты мерейтой иесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Алғыс хатын табыстады.



«Сіз ғибратты ғұмыр жолыңыздың бүгінгі бір ғасырлық белесіне үлкенге де, жасқа да үлгі болатын адами биік болмысыңызбен жетіп отырсыз. Отандық баспасөз саласында көп жыл қажырлы қызмет етіп, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға орасан зор еңбек сіңірдіңіз. Ел игілігі үшін атқарған жемісті жұмысыңыз үшін Сізге алғысымды білдіріп, 100 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Деніңізге саулық, әулетіңізге амандық тілеймін», – делінген Алғыс хатта.



Ардагер журналист 1949 жылы білім ордасын қызыл дипломмен тәмамдап, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») республикалық газетінде ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған. Кейіннен туған жеріне оралып, Жамбыл аудандық «Большевиктік жол» («Екпінді еңбек») газетіне редактор болып тағайындалып, қажырлы еңбек етеді. 1971 жылы зейнет жасына жетіп, «Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері» құрметті атағын иеленген. Алматы облысының құрметті азаматы.



«Сіз бүкіл саналы ғұмырыңызды қазақ журналистикасының дамуына арнадыңыз. Сондықтан өзіңіздің төл салаңыз – баспасөз заманмен бірге өсіп-өркендеп, өз орнын жоғалтпай келеді. Мұның өзі ең алдымен өзіңіздей ардагер-журналистер салған сара жолдың жемісті жалғасы екені даусыз. Сондықтан бүгінгі мерейтойыңыз - әулетіңіздің ғана емес, біздің Ұлттық журналистиканың ортақ қуанышы», - деді министр Аида Балаева құттықтау барысында.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#журналист #президент #құттықтау #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қауіпті қалдықтар мен сирек кездесетін қайта өңделетін шикізатты жинау акциясы өтеді

Бүгін 12:23

Иран астанасында халықаралық әуежайы өртеніп жатыр

Бүгін 12:00

Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты бірнеше елге бармауды ұсынды

Бүгін 10:09

Тұман, қар және көктайғақ: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:28

Алматыда 8 наурызға орай «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Кеше 20:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі