AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент SOVICO Group компаниясының басқарма төра...

Президент SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесті

Әлеумет 23.05.2024, 17:10 1,166
Президент SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесті
Ақорда

Кездесуде SOVICO Group компаниясының Қазақстан экономикасындағы түрлі секторға әлеуетті инвестор ретінде қатысу перспективасы талқыланды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Мемлекет басшысының пікірінше, SOVICO Group компаниясының Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алуға ниет білдіруі вьетнамдық конгломераттың біздің өңірде азаматтық авиацияны дамытуға қатысты аса маңызды жоспары бар екенін көрсетеді.

Нгуен Тхань Хунг компанияның Қазақстандағы бірнеше әуежайды басқаруға алу, сондай-ақ логистикалық қоймаларға инвестиция құю ісіне қызығушылық танытатынын жеткізді. SOVICO компаниялар тобының құрамына кіретін Vietjet Air авиакомпаниясы еліміз арқылы жүк және жолаушылар тасымалдайтын әуе рейстерінің санын біртіндеп көбейтіп келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Вьетнам мен Сингапур инвесторлары қатысатын үшжақты серіктестік құру ұсынылды. Аталған бастама авиация, тау-кен өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері, «ақылды қалалар» және активтерді басқару секілді түрлі салалардағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге бағытталған.

Мемлекет басшысы компанияның әртараптандырылған бизнес жүргізуде тәжірибесі мол екенін ескеріп, өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SOVICO компаниялар тобына кіретін Aviation Holdings Company арасында Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алу шарттарына қатысты міндет жүктейтін ұсынысқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды. Алдын ала жасалған уағдаластықтарға сәйкес инвестор 5 жыл ішінде Boeing 737-Max8 және Airbus A320/321 модельді кемінде 20 ұшақ әкелуді жоспарлап отыр. Сатып алу-сату шартына қол қою және мәмілені аяқтау жұмыстары жақын арада іске асырылмақ.  

Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен SOVICO Group арасындағы Стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сингапур #вьетнам #Самұрық-Қазына #SOVICO
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);