AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Сауд Арабиясының Ауыл шаруашылығы минист...

Президент Сауд Арабиясының Ауыл шаруашылығы министрі қабылдады

Саясат 17.08.2023, 09:27 1,506 Almaty-akshamy.kz. 
Президент Сауд Арабиясының Ауыл шаруашылығы министрі қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президент Сауд Арабиясының Ауыл шаруашылығы министрі Абдулрахман әл-Фадлиді қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Абдулрахман әл-Фадлиге ілтипат білдіре отырып, оның сапары екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен келіссөздер барысында қол жеткізілген  уағдаластықтарды жүзеге асыру маңызды екеніне тоқталды.



– Жиддаға сапарым барысында Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудпен кездестім. Кездесуде біз екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық  пен қарым-қатынасты одан әрі нығайту туралы келісімге келдік. Біздің өзара уағдаластықтарымыз қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр және дәйекті түрде орындалып келеді, – деді Президент.



Абдулрахман әл-Фадли құрмет көрсетіп, қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Сондай-ақ Тақ мұрагерінің Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін растады. Министр өз сөзінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударды.



– Өзіңізге мәлім, азық-түлік қауіпсіздігі – бүкіл әлем үшін өзекті мәселе. Қазақстан бұл бағытта негізгі рөл атқарады деп санаймыз, – деді Абдулрахман әл-Фадли.



Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері және ауыл шаруашылығы мен туризм салаларындағы өзара байланыс перспективалары талқыланды.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауылшаруашылық #саясат #Ынтымақтастық #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49

Алматы полициясы жасөспірімдерді есірткі саудасынан сақтандырды

Бүгін 15:42

Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді

Бүгін 15:39

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Бүгін 15:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);