ffin.kz

Президент Қазақстанның ШЫҰ-ның Энергетикалық форумын өткізуге дайын екенін жеткізді

Президент  Қазақстанның ШЫҰ-ның Энергетикалық форумын өткізуге дайын екенін жеткізді Сурет: Akorda.kz

Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.


Онда Мемлекет басшысы энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы өзара жүйелі іс-әрекеттерді жолға қоюдың өзектілігі артып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бізге энергетикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру қажет. Сондай-ақ энергетиканың жаңа түрлеріне көшуге, экономика мен өнеркәсіпті көміртегінен арылтуға бағытталған келісімді іс-әрекеттер керек. Осыған байланысты келесі Астана саммитіне дейін ШЫҰ-ның Энергетикалық стратегиясын келісуді ұсынамын. Бұл құжаттың қабылдануы орнықты даму саласындағы БҰҰ Күн тәртібінің мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді», – деді Мемлекет басшысы.



Президент аталған мәселенің аса маңызды екенін ескере отырып, Қазақстанда ШЫҰ-ның Энергетикалық форумын өткізуге дайын екенімізді жеткізді. Бұл саладағы ынтымақтастықтың перспективаларын жан-жақты талқылау елдеріміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен теңгерімді дамуын қамтамасыз ету үшін бірлескен әдістер әзірлеуге мүмкіндік береді.


Президент әртүрлі елдер мен әлеуметтік топтар арасындағы «цифрлық алшақтық» өзекті проблемаға айналып отырғанын атап өтті. «Сондықтан цифрлық теңсіздікті жоспарлы түрде азайту біздің ұйым қызметінде нақты басымдыққа айналуға тиіс» деді.



«Үндістан ШЫҰ-ға төрағалық еткен кезеңде бұл бағыттағы ынтымақтастықты дамыту үшін ауқымды жұмыс атқарды. Енді осы стратегиялық маңызды саладағы үздік тәжірибелерді алмасу ісін одан әрі жалғастырып, жолға қойылған байланыстарды сақтау және нығайту маңызды. Былтыр Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексі бойынша 28-орынды иеленді. Бұл – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ең жоғары көрсеткіш», – деді Президент.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58