AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент: Парламенттік және партиялық жүйе өзгер...

Президент: Парламенттік және партиялық жүйе өзгереді

Саясат 30.01.2022, 04:54 2,003 Almaty-akshamy
Президент:  Парламенттік және партиялық жүйе өзгереді
Cурет: Inform.kz

Парламент Мәжілісінде ұстамды әрі мықты бірнеше партия болуы керек


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында еліміздің парламенттік жүйесін реформалау жөніндегі ойын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сұхбаты барысында Президент еліміздегі парламенттік жүйені, партиялық жүйені реформалауды шындап ойланып жүргенін және бұл жайында 28 қаңтарда партияның съезінде де айтқанын жеткізді. Осы орайда тиісті қадамдар мемлекет мүддесіне сай жасалуы керек екенін атап өтті.




«Мәжілісте бірнеше мықты партия болуы тиіс. Олар тіпті Үкіметті құруда да тіл табыса білуі керек. Бізге осындай өзгерістермен бірге саяси мәдениет деңгейін көтеріп, саяси тұлғаларды тәрбиелеу қажет. Популизмнен арылу керек. Германияға қараңыздаршы, партиялар ауысып тұрады. Барлығы мәдени түрде өзгереді. Партиялар үкіметтегі лауазымды қызметтерге өз өкілдерін ұсынады. Меніңше, уақыт өте біз осыған келеміз. Ал мұның бәрі мен Президент болып тұрғанда орындалғанын қалаймын», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.



Сонымен Қасым-Жомарт Тоқаев оппозицияның болуына қатысты сұраққа жауап берді.



«Бізде оппозиция бар, алайда көбіне көшеде жүреді», - деді Президент.



Мемлекет басшысының пайымынша, Парламент Мәжілісінде ұстамды әрі мықты бірнеше партия болуы керек. Жалпы, бұл бағытта саяси мәдениетті өсіру аса маңызды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #сұхбат #парламент #Реформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 18:06

Алматыда Президенттік дене шынықтыру тестілеріне 1000-нан астам адам қатысты

Бүгін 18:04

Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды

Бүгін 17:43

Алматыда әскери қызметшілерге құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету акциясы өтті

Бүгін 17:38

Алматы әкімі денсаулық сақтау саласын дамыту және құрылыс жобаларының орындалу барысын бақылауға алды

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);