AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Алматыда дін ө...

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Алматыда дін өкілдерімен кездесті

Әлеумет 19.04.2025, 14:42 817 Bakyt
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Алматыда  дін өкілдерімен кездесті
Суреттерді түсірген - Самат Құсайынов

Бұл кездесу Мәлік Отарбаевтың мегаполиске сапары аясында, Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларды орындау мақсатында өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жиын барысында Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан және басқа да қатысушылар діни мекемелердің атқарып жатқан жұмысы, кадр даярлау ерекшеліктері, мешіттердің материалдық-техникалық базасы мен теологиялық оқу орындарының қызметі туралы айтты.

Сондай-ақ, Бас имам Ислам дінінің маңызды шарттарының бірі – қажылыққа дайындық барысы, оның ұйымдастырушылық және қаржылық қырлары, Алматы қаласынан қажылар тобын құру мәселелері жөнінде мәлімет берді.

Қатысушылар Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда айтқан бастамаларды қолдайтындарын білдіріп, отбасы институтының маңызын арттыру, есірткіге, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу және діндар азаматтардың радикалды-экстремистік көзқарастарға бой алдыруына жол бермеу бағытында рухани-адамгершілік ықпал етуге күш салып жатқанын жеткізді.

Өз сөзінде Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда қойған бірқатар маңызды міндеттеріне тоқталды. Олардың қатарында – азаматтардың бойында отансүйгіштік, заңға құрметпен қарау, өз міндеттерін дұрыс түсіну мен орындау және мемлекеттілікті сақтау маңызды екенін атап өтті.

Әділетті Қазақстанды құру ісінде тек мемлекеттік органдар мен мәдениет, білім беру саласы ғана емес, діни қауымдастықтардың да рөлі зор. Азаматтардың бөгде идеология мен жағымсыз мінез-құлыққа бой алдыруына жол бермеу аса маңызды.

Халықаралық саяси және экономикалық жағдайдың күрделілігін ескере отырып, Қазақстан кез келген күрделі үрдістерге дайын болуы қажет.

Діни мекемелер мен дін қызметкерлері үшін сапалы діни әдебиетті пайдалану, мешіттердегі кітапханалық қорды толықтыру маңызды. Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтардың ішінде ел бірлігі мен ынтымағының маңызы ерекше екенін Мәлік Отарбаев атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәлік Отарбаев #Дін #Ұлттық құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері робототехника әлемдік додасында биік белесті бағындырды

Бүгін 22:32

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);