Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Жұманғаринге қаражаттың тиімді жұмсалуы...

Президент Жұманғаринге қаражаттың тиімді жұмсалуын тапсырды

Әлеумет 12.12.2023, 04:47 865
Президент  Жұманғаринге қаражаттың тиімді жұмсалуын тапсырды
akorda.kz

Президент Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғаринді қабылдады




Мемлекет басшысына  вице-премьер өзі жетекшілік ететін сауда, интеграция, ауыл шаруашылығы салаларындағы қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысына дайындық барысы.



2024 жылы бес елдің интеграциялық бірігуіне 10 жыл толады. ЕАЭО құрылған уақыт ішінде Қазақстанның серіктестермен арадағы өзара сауда айналымы 74 пайызға өсті (2015 жылы – 16,3 миллиард доллар, 2022 жылы – 28,3 миллиард доллар). Бұл ретте экспорт 90 пайызға артты (2015 жылы – 5,1 миллиард доллар, 2022 жылы – 9,7 миллиард доллар).



Сонымен қатар Мемлекет басшысына агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу көлемін 30 пайыздан 70 пайызға дейін ұлғайту туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндалды.


Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені саласында 2024-2026 жылдары жүзеге асырылатын 500 ірі әлеуетті жоба дайындаған. Оның жалпы құны – 1,6 триллион теңге. Алғаш рет екінші деңгейдегі отандық банк бұл жобаларды іске асыру үшін 500 миллиард теңгеге жуық өз қаржысын салуға дайын екенін жеткізді. Жақын арада әлеуетті жобалардың тізімі жаңартылады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасарына ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылауды күшейту және халықаралық деңгейде жоспарланған іс-шаралардың сапалы дайындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Жұманғарин #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46

Жаңа Конституция бойынша референдум: алматылықтардың белсенділігі соңғы 5 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Бүгін 23:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика