AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлтты...

Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар қабылданды

Әлеумет 07.09.2021, 06:00 964
Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар қабылданды
Сурет: 24.kz

Жоспар Жолдаудың негізгі бағыттары мен бастамалары бойынша 102 тармақтан тұрады.


Қазақстан Үкіметі өз  отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру Жалпыұлттық жоспары қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сілтеме жасап. 


ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды.


 Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ұсынған Жалпыұлттық жоспар ҚР Президентінің негізгі бағыттары мен бастамалары бойынша 102 тармақтан тұрады. 


Премьер-Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жүргізіліп жатқан мемлекеттік және экономикалық саясаттың жаңа міндеттерін атап көрсеткенін айтты. 


Үкімет пандемиядан кейінгі кезеңде экономиканың орнықты әрі сапалы өсуін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларын жетілдіру, өңірлерді кешенді дамыту, еңбек нарығының тиімді экожүйесін құру бойынша белсенді шаралар қабылдайды.



«Үкімет жұмысының маңызды бағыты – Мемлекет басшысының азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жөніндегі бастамаларын іске асыру. Жалақыны көтеру, жеке сектордың үлесін ұлғайту, салықтық жүктемені азайту арқылы халықтың нақты кірістерінің өсуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады»,– деді Асқар Мамин.



Үкімет басшысы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары алға қойылған міндеттерге толықтай сай екенін атап өтті. 


Асқар  Мамин орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларына жоспар іс-шараларының сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша дербес жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #Қазақстан #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Кеше 19:09

Алматылық жеңіл атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Кеше 19:04

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Кеше 18:03

Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Кеше 17:55

Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);