AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Жолдауы қалай іске асып жатыр?

Президент Жолдауы қалай іске асып жатыр?

Саясат 31.08.2023, 06:27 1,192
Президент Жолдауы қалай іске асып жатыр?
Сурет: 24.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысып жатыр.


Ол жиын барысында Президенттің бұған дейінгі жолдауларының қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 



«Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік салада жүйелі шаралар қабылданды. Жаңа Әлеуметтік кодекс еңгізілді. Ол азаматтарды туғаннан бастап егде жасқа жеткенге дейін әлеуметтік қолдауды көздейді. Балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау үшін бала күтімі кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы артты. Бүгінде бұл жәрдемақыны 750 мыңнан астам ана алады», – деді Үкімет басшысы.



1 қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-4-ші сыныптағы балалары тегін тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.



«Сондай-ақ, биыл әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 97 мың баланың балабақшаларда тегін тамақтану мәселесі шешілді. Осылайша, мемлекет осы санаттағы балалардың мектепке дейінгі білім беру шығыстарын өз мойнына алды», – деді ол.



Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған адамдарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы 23%-ке артты.



«2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысын саралап арттыру жүргізілді. Бүгінде мемлекеттің зейнетақы бағдарламасы бойынша шығыстар 3 трлн теңгеден асады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бектілді. Осыған байланысты зейнетақыға арналған шығыстар 800 млрд теңгеден астам қосымша соманы құрайды», – деді Әлихан Смайылов.



Биыл азаматтарға өз зейнетақы жинақтарын басқару құқығы берілді.



«Салымшылар зейнетақы жинақтары сомасының 50%-ін өздері таңдаған жеке басқарушы компанияларға бере алады. Бұдан басқа, 1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдаланды. Биыл басынан бастап Үкімет Отбасының цифрлық картасын енгізді. 500 мыңнан астам қазақстандыққа  проактивті әлеуметтік қолдау көрсетілді», – деді ол.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #жолдау #отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Педиатрия орталығында балалар эндовидеохирургиясы бойынша шеберлік сабағы өтті

Бүгін 11:36

Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті

Бүгін 11:29

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа саябақтың ашылатыны хабарланды

Бүгін 11:25

Түрксіб ауданында экологиялық жағдайды жақсарту шаралары талқыланды

Бүгін 11:06

Алматыда Алатау және Наурызбай аудандарының сумен жабдықтау жүйесі күшейтілді

Бүгін 10:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);