Президент жарлығымен бірқатар сала мамандары мемлекеттік наградалармен марапатталады

Президент жарлығымен бірқатар сала мамандары мемлекеттік наградалармен марапатталады Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Олардың қатарында: 4 еңбек ардагері, 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері, 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері, 6 кәсіпорын басшысы, 3 қоғамдық ұйым өкілі, 7 мемлекеттік қызметкер, 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.

«Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін наградталсын», — делінген Жарлықта. 

Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі «Айбын» орденімен

Айтмағамбетова Жұлдыз Рахымқызы — Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы
Ахметова Айман Рахмеджанқызы — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі
Әбуева Анаргүл Аманжолқызы — Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы
Канкина Құралай Темірболатқызы — Бас прокурордың аға көмекшісі
Мұсатаева Балжан Төлеужанқызы — Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі
«Парасат» орденімен

Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы — «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы
Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы — Парламент Сенатының депутаты
Құспан Айгүл Сайфоллақызы — Парламент Мәжілісінің депутаты
Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы — Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК әншісі-әртісі
«Құрмет» орденімен

Абиева Раиса Леонидовна — «Абиев А.А.» ШҚ басшысы, Жетісу облысы
Ағыбаева Раиса Мұхамедиқызы — Астана қаласының ардагерлер кеңесі медиатобының төрағасы
Айтбаева Шолпан Сашкенқызы — еңбек ардагері, Астана қаласы
Әбдірайымова Тілеукүл Шайымқызы — Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Шу» өндірістік бөлімшесінің инженері
Әбенова Күлпаш Қайроллақызы — Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК жұмысқа тартылатын бағалаушысы
Әзімқұлова Әділет Срадинқызы — еңбек ардагері, Түркістан облысы
Гияги Роза Римовна — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Арыс жол дистанциясының диспетчері, Түркістан облысы
Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы — «М. Шоқай атындағы № 187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі (IT мектеп-лицейі)» КММ мұғалімі, Қызылорда облысы
Елеуова Қаракөз Темірбекқызы — еңбек ардагері, Алматы қаласы
Земляная Людмила Дмитриевна — «Жер су» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы
Кәпенова Гүлмира Амангелдіқызы — «BESTKZ.KST» ЖШС басшысы, Қостанай қаласы
Қанапина Гүлнар Бекежанқызы — «Қазақстан Алюминийі» АҚ гидрометаллургы-аппаратшысы, Павлодар облысы
Қараева Бибігүл Атшыбайқызы — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 жалпы білім беретін мектеп» КММ мұғалімі
Құрманғалиева Бикеш Қайдарқызы — «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС бас директоры
Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы — «Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі» МКҚК директоры, Ақтөбе облысы
Одинцова Маргарита Владимировна — Жоғарғы соттың судьясы
Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы — «Назарбаев университет» ДББҰ вице-провосты, Астана қаласы
Үмбеталина Марал Әбдірашқызы — «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК дәрігері, Шымкент қаласы
Хамитова Алмагүл Мәжитқызы — «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ директоры, Батыс Қазақстан облысы
Хорошаш Ғалия Нәсіболлақызы — «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұлттық госпиталі» РМК дәрігері
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Қамбарова Баянгүл Қожабергенқызы — «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалы «Қ. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүсмет» ӨБ электрмен дәнекерлеушісі
Мадимарова Анар Серікбайқызы — «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС шикіқұрамшысы, Жамбыл облысы
Нұрғалиева Зинагүл Әбенқызы — «Altyntau Kokshetau» АҚ шикіқұрамшысы, Көкшетау қаласы
Санқыбаева Бахытгүл Қуанышбайқызы — «Ақ Жайық-7» ЖШС вагон жөндеу депосының кран машинисі, Атырау қаласы
Сәрсенова Ботагөз Ғабитқызы — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ерейментау жол дистанциясының жол шебері
«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Арпабаева Бибігүл Төлегенқызы — «Өскемен ЖЭО» ЖШС отын-көлік цехының аға жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы
Әбелдинова Надежда Николайқызы — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер жөніндегі офицері
Бәкірова Қарлығаш Тастанбекқызы — «№13 қалалық емхана» МКК дәрігері, Астана қаласы
Жамалиева Әлима Аманжолқызы — Ішкі істер министрлігі Астана қаласы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі
Жолдыбаева Маржан Жолдыбайқызы — «Кажсервис» ЖШС Қарағанды облыстық филиалының жол жұмысшысы
Игбаева Меруерт Асылханқызы — Сыртқы істер министрлігі департамент директорының орынбасары
Қожамсейітова Мақпал Қамашқызы — «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі, Алматы қаласы
Молдыбаева Гүлшарат Тоқанқызы — «Астана-АЭК» АҚ жедел-диспетчерлік қызметінің операторы
Русинова Ольга Владимировна — «Қазтелерадио» АҚ бөлім басшысы, Алматы қаласы
Сарымсақова Айна Абылайқызы — Шымкент қаласы № 7 округтік сайлау комиссиясының төрағасы
Сәрсембаева Жанаркүл Оразалықызы — «Almaty turmystyq tehnika zavody» ЖШС сапа инспекторы, Алматы облысы
Табергенова Айгүл Олжабайқызы — «Дара» қайырымдылық қоры «Ерте қолдау» жобасының жетекшісі, Астана қаласы
Тұрсынқанбетова Еркежан Саятқызы — «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ бас директорының орынбасары
Шек Наталья Анатольевна — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас маманы, Астана қаласы
«Шапағат» медалімен

Әлімбаева Динара Төлегенқызы — «Қарағанды қаласының №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ аға мейіргері
Әуренова Мәдина Дәулетханқызы — «DEMEY» оңалту және түзету орталығы» ҚБ төрағасы және негізін қалаушы, Шығыс Қазақстан облысы
Васина Светлана Станиславовна — «Moon-Ай» музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы
Жақыпова Жанар Бексұлтанқызы — «New Decision Group» ғылыми-зерттеу агенттігі» ЖШС басшысы, Алматы қаласы
Михеева Елена Валериевна — «Moon-Ай» музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы
Орынбаева Алтынай Романқызы — «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ бөлім бастығы
Уайысова Гүлмәрия Қажағалиқызы — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің мал дәрігері
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілсін

Аханова Бақытжан Омарғалиқызы — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының білім басқармасы «Балалар музыка мектебі» КМҚК директоры
«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілсін

Үкібасова Талшын Мұқадесқызы — «University medical centre» корпоративтік қорының бас консультанты, Астана қаласы
«Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» құрметті атағы берілсін

Шелудько Ольга Николаевна — Өнеркәсіп және құрылысы министрлігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК Оңтүстік өңір бойынша филиалы Жамбыл облысы бойынша департаментінің сарапшысы
«Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атағы берілсін

Ерманова Майра Жұратбекқызы — «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы — «Жезқазғантүстімет» ӨБ № 1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикаларының флотаторы, Жезқазған қаласы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:22

16:15

15:54

15:11

14:41

14:22

13:53

13:09

12:44

12:02

11:06

10:40

10:05

17:15

15:05

15:05

14:41

14:14

13:43

13:13

12:52

12:12

11:34

11:06

10:45