AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Президент халықаралық ғылыми ынтымақтастықты жаңа...

Президент халықаралық ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге шақырды

Білім және ғылым Бүгін 16:15 66
Президент халықаралық ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге шақырды
Ақорда

Президент халықаралық ұйымдар және жетекші шетелдік университеттер басшыларымен өткен дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы бұл жиын серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Бүгінде мұның маңызы арта түсті. Қазіргі геосаяси шиеленіс білім мен технология салаларына да әсер етіп отыр. Ғылыми ынтымақтастық қауіпсіздік тұрғысынан қарастырыла бастады. Озық жетістіктерді ортақ игілік емес, бәсекелестік құралы ретінде қабылдау жиіледі. Бұған білім мен технология дамудың негізгі қозғаушы күшіне айналған кезеңде куә болып отырмыз. Жасанды интеллект, жаңа материалдар, энергетикалық және биотехнологиялар экономиканы, еңбек нарығын, сондай-ақ білім беру жүйесін өзгертіп жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент білімнің жаңа бағыттарын игеруге, білікті маман даярлауға және ғылыми идеяларды технологияға айналдыруға қабілетті елдер ғана табысқа жете алатынына назар аударды.

– Біз елімізді халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі әрі түрлі өңірлерді байланыстыратын көпір ретінде таныта алдық. Адам капиталын дамыту, білім-ғылымды және инновацияны ілгерілету – ұлттық стратегиямыздың негізгі бағыттары. Тағы да атап өткім келеді, бұл басымдықтар еліміздің тарихында алғаш рет Конституциямызда мемлекеттің стратегиялық мақсаттары ретінде бекітілді. Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауымда технологиялық жаңаруды жеделдету, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ азаматтарымызды жаңа цифрлық экономикаға бейімдеу қажеттігіне баса мән бердім. Бұл мақсатқа қол жеткізу жекелеген бастамаларды емес, керісінше мемлекеттің, университеттер мен бизнестің дәйекті әрі үйлесімді әрекет етуін талап етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен әріптестік орнатуға қашанда дайын екенін айтты.

– Өздеріңіз көріп отырғандай, жұмыстың бастапқы кезеңі аяқталды. Қажетті инфрақұрылым жасалды, серіктестік келісімдер ресми түрде ресімделді және көп ұзамай шетелдік университеттердің филиалдары жұмысқа толық кіріседі. Ендігі қадам – экономикамызға қажетті бірлескен зерттеулер жүргізу, жаңа технологиялар әзірлеу және нақты шешімдер енгізу арқылы ынтымақтастығымыздың мазмұнын байыту, – деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы ықпалдастықтың басым бағыттарына тоқталды.

– Әуелгі кезекте – су қауіпсіздігі. Бұл – Орталық Азия үшін экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі. Тіпті мұны тіршілік үшін күрес мәселесі дер едім. Трансшекаралық өзендерді басқару, заманауи мониторинг жүйесін құру, су үнемдеу технологияларын енгізу және ғылыми тұрғыдан негізделген су дипломатиясын дамыту түрлі елдердің сарапшылық әлеуетін біріктіруді қажет етеді. Осы ретте Біріккен Ұлттар Ұйымы университетінің тәжірибесі мен мүмкіндіктеріне арқа сүйейміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Ғылым #халықаралық ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды «12 месяцев» кешеніндегі тұрғындардың шағымдарын бақылауға алды

Бүгін 17:33

Алматыда жедел жәрдем және емханалардың мобильді бригадаларына 468 смарт-бейнежетон табысталды

Бүгін 17:12

Олжас Бектенов Ақтөбе облысының өңдеу өнеркәсібінің дамуымен танысты

Бүгін 16:45

Қазақстанда шетелдік университеттердің жаңа кампустары ашылады

Бүгін 16:31

В вирустық гепатиті: өмірдің алғашқы тәулігінде салынатын екпе неліктен аса маңызды?

Бүгін 16:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);