AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мин...

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады

Билік 27.12.2021, 13:01 1,397
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
Сурет: Аkorda.kz

Президентке министрліктің биылғы атқарған жұмыстарының қорытындылары және Жолдауда айтылған мәселелердің жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді.


Атап айтқанда, жаңа жылдан бастап төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеге дейін жеткені және тағы 591 мың азаматтық қызметкердің жалақысы өсетіні жөнінде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аkorda.kz-ке сілтеме жасап


Сонымен қатар министр жұмыссыздықпен күрес бағытына да тоқталды. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр.


Серік Шәпкенов жұмыспен қамту орталықтарын цифрландыру бойынша мәлімет берді. Оның айтуынша, жұмыс іздеген азаматтардың 33 пайызы онлайн қызмет түрін пайдаланған, 26 мың жәрдемақы электронды түрде рәсімделген. Сондай-ақ биыл 988,8 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алған.


Бұдан бөлек Мемлекет басшысына министрліктің алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы баяндалды. Соның ішінде Серік Шәпкенов Әлеуметтік кодекс әзірлеу, зейнетақы жүйесін жаңғырту, кәсіби біліктілікті арттыру туралы заң жобасын және 2022-2026 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасын дайындау сияқты негізгі төрт бағытты атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев министрге осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #халық #әлеумет #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Кеше 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);