конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өтк...

Президент экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді

Саясат 23.08.2022, 10:34 1,762
Президент экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңестің күн тәртібінде еліміздің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына қатысты мәселелер қаралды.


Премьер-Министр ұсынған макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3 пайыздан кем болмайды. Ал 2023 жылы 4 пайызға жетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz БОРТ N1 Telegram каналына сілтеме жасап. 


Президент ұсынылған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының тепе-теңдігін атап өтті. Үкіметтің деректеріне сәйкес, жалпы ішкі өнімнің номиналды өсімі биылғы 103,6 триллион теңгеден 2023 жылы 120,7 триллион теңгеге дейін жетеді деп болжанып отыр. Болжам бойынша келесі жылы салық түсімдерінің артуы есебінен бюджеттің кіріс бөлігі 10,5 триллион теңгеден 13,5 триллион теңгеге дейін ұлғаяды.


Республикалық бюджет жобасының оң аспектісі ретінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттердің 2022 жылғы 4 триллион теңгеден 2023 жылы 2,2 триллион теңгеге дейін күрт төмендеуін айтуға болады. Макроэкономикалық тұрақтылыққа шикізаттық емес дефициттің 2023 жылы 8,3 пайыздан 6,8 пайызға дейін төмендеуі де оң әсер етеді.


 Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет назарын тағы да қаржыны тиімді жоспарлау мен үлестіру қажеттілігіне аударды. Жалпы алғанда, Президент Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ұсынылған болжамын және 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын кеңес барысында талқыланған мәселелерді жетілдіруді ескерте отырып, қолдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экономикалық мәселелер #Кеңес #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы-1 теміржол вокзалын реконструкциялауға 500-ден астам маман жұмылдырылған

Бүгін 10:09

Қазақстан парламентіне 30 жыл коллекциялық күміс монетасы ертеңнен сатыла бастайды

Бүгін 09:09

Құрылтай және жаңа Конституция: Астанада сарапшылар кездесуі өтті

Бүгін 09:02

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:45

Балқаш жағалауында құтқарушылар батпаққа батқан 15 адамды эвакуациялады

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);