AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Алматыда БҰҰ Өңірлік орталығын құруды ұс...

Президент Алматыда БҰҰ Өңірлік орталығын құруды ұсынды

Саясат 08.06.2023, 06:30 1,370
Президент Алматыда БҰҰ Өңірлік орталығын құруды ұсынды
Сурет: Egemen.kz

 Қазақстан жаһандық және өңірлік серіктестерімен достық қатынасты ұстануға бар күш-жігерін салады.


Бұл туралы Астана халықаралық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Біздің еліміз барлық уақытта бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолында бар күшін салады. Біз ядролық қарусыздануды қолдаймыз және ядролық қаруды таратпау туралы келісімді ұстанамыз. Біздің еліміз Сирия дағдарысын шешу үшін Астана бейбіт үдерісіне бастамашы болды. Елордамыз әлемдік діндер көшбасшыларының съездерін өткізетін тұрақты орынға айналды. Штаб-пәтері Астанада орналасқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес өңірлік және жаһандық проблемаларды шешудің беделді тетігіне айналды», - деді Президент.



Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты еңсеруге белсенді қатысып келе жатқандығын баса айтты.



«БҰҰ қамқорлығымен ауған халқына жан-жақты көмек көрсетуді одан әрі арттыру қажеттігін атап өткім келеді. Бұл тұрғыда Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру маңызды. Қазақстан жаһандық және өңірлік серіктестерімен достық қатынасты ұстануға бар күш-жігерін салады. Және де біз Орталық Азиядағы бауырлас елдермен өңірлік ынтымақтастықты арттыруға ниеттіміз», - деді Мемлекет басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҰҰ #өңірлік орталық #құру #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Есірткі тасымалдаған күдіктілер үш қалада ұсталды

Бүгін 13:07

Дзюдошы Санжар Еруланұлы Ташкентте жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Бүгін 12:05

Астанада хореографиялық оқу орындарының «Temps lié» IV халықаралық фестивалі ашылды

Бүгін 11:06

Қазақстанда америкалық авиация университетінің филиалын ашу жоспарлануда

Бүгін 10:05

Қарулы күштердің 1500-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады

Кеше 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);