Премьер-министр «Таза Қазақстан» аясында экологиялық міндеттер жүктеді

Премьер-министр «Таза Қазақстан» аясында экологиялық міндеттер жүктеді Сурет ЖИ

Орман тәлімбақтарын құру және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жандандыру: Премьер-министр «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Президенттің бастамасымен іске қосылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру мәселесі бойынша Үкімет отырысы аясында Премьер-министр бірқатар тапсырма берді: 

  • Жергілікті атқарушы органдар өз өңірлерінде орман питомниктерін құрып, ағаш көшеттерінің жерсініп кетуін қамтамасыз етсін; 
  • Әкімдіктерге тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін жаңа полигондар мен зауыттар ашып, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және алдын алу жұмыстарын уақтылы жүргізу міндеті қойылды; 
  • Экология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне стихиялық қоқыс орындарын анықтау үшін еліміздің аумақтарын ғарыштық бақылаумен қамтуды және мерзімді тексеруді ұлғайту тапсырылды; 

Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері қоршаған ортаны сақтау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру саласындағы тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарын күшейтсін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21