AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Премьер-министр шетелдік компаниялардың басшыларым...

Премьер-министр шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесті

Саясат 08.06.2022, 17:00 1,440 Almaty-akshamy
Премьер-министр шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесті
Cурет: Primeminister.kz

Тараптар газ, логистика, энергетика және денсаулық сақтау салаларын сөз етті


Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші пленарлық отырысы қарсаңында  Премьер-министр Әлихан Смайылов General Electric және Citigroup компанияларының, сондай-ақ Азия даму банкінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


General Electric компаниясының Ресей және ТМД-дағы президенті Бела Ференцимен кездесу барысында Үкімет пен GE арасындағы энергетика, денсаулық сақтау және авиация салаларындағы стратегиялық әріптестіктің перспективалық бағыттары, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істеп тұрған өндіруші қуаттарды жаңғырту мен жаңа өндіруші қуаттарды құру жобалары қаралды.



«Қазақстан General Electric сияқты стратегиялық инвесторлармен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүдделі. Біз жолға қойылған дәстүрлі серіктестік байланыстарды сақтауға және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын дамытуға ниеттіміз», — деді Әлихан Смайылов.



Азия даму банкінің вице-президенті Ашок Лавасамен әңгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық даму перспективасы атап өтілді.



«Банк Қазақстан экономикасына шамамен 28 жыл бойы қолдау көрсетті, арадағы әріптестік әрі қарай жалғасуда. Осы жылдар ішінде біз көптеген жобалар аясында өзара тиімді ынтымақтастық құра алдық. Біз АДБ-ның Қазақстанның дамуына қосып отырған үлесін жоғары бағалаймыз», — деді Үкімет басшысы.



Тараптар газ, логистика, энергетика және денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін, сондай-ақ таяу жылдардағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.


Citigroup атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен келіссөз барысында декарбонизациялау және жасыл экономиканы дамыту мәселелері қаралды.



«30 жыл ішінде «Ситибанк Қазақстан» өзін елдің ең сенімді корпоративтік банктерінің бірі ретінде таныта алды, сондай-ақ Қазақстандағы көптеген халықаралық корпорациялар үшін сенімді серіктеске айналды. Осыны ескере отырып, біз жаңа өзара тиімді жобаларды іске асыру перспективаларын қарастыруға дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#премьер-министр #Шетелдік компания #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);