Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Португалия Гран-приіне қазақстандық дзюдошылардан...

Португалия Гран-приіне қазақстандық дзюдошылардан кімдер барады

Спорт 26.01.2024, 08:41 1,453
Португалия Гран-приіне қазақстандық дзюдошылардан кімдер барады
Сурет: ашық дереккөз

Тізімде Елдос Сметов жоқ


Дзюдодан Қазақстан құрамасының балуандары 26-28 қаңтар күні Португалияның Одивелаш қаласында өтетін Гран-при турнирінде белдеседі. Отандық татами шеберлері үшін жылдың алғашқы жарысы саналатын бұл додада еліміздің ерлер және әйелдер құрамасынан барлығы 18 спортшы күреседі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Олардың арасында Ержан Еренғайыпов, Дәурен Суюкенов (60 кг), Жанарыс Рахметқали, Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг), Жансай Смағұлов, Дархан Қойбағар (73 кг), Айбол Нысанәлі, Мәди Амангелді (81 кг), Айдар Арапов, Құдірет Досымов (90 кг), Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев (100 кг) сынды балуандар бар.


Сонымен бірге, әйелдер құрамасынан Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева (48 кг), Бақыт Құссақбаева (57 кг), Есмигүл Кұйылова (63 кг), Аруна Жангелдина (78 кг), Кәмила Берліқаш (+78 кг) татамиге шығады.


Айта кететін жайт, былтыр Португалия Гран-приінде әйелдер арасында Абиба Әбужақынова пен Ғалия Тынбаева финалға шығып, өзара алтын мен күмісті бөліскен еді. Сондай-ақ, ерлер арасында Жансай Смағұлов финалға шығып, турнирді екінші орынме аяқтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #дзюдо #Гран-при
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында батыс кәріз коллекторының құрылысы басталды

Бүгін 15:33

Алматыдағы еңбек инспекторларына 3 мыңдай шағым түскен

Бүгін 15:26

Алматыдағы жасөспірімдер колониясында кітапқұмарлар көп

Бүгін 15:15

Almaty Half Marathon: 19 сәуірде жолдардың бір бөлігі жабылады

Бүгін 14:54

Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылады

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика