AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Полиция жалған құжат жасаушыларды анықтауда

Полиция жалған құжат жасаушыларды анықтауда

Өмір-өзен 16.07.2021, 14:26 2,231 Аlmaty-akshamy.kz
Полиция жалған құжат жасаушыларды анықтауда
Сурет: Gov.kz

Жалған құжат жасауға жол жоқ.


ІІМ-нің дерегі бойынша, полиция жыл басынан бері вакцина паспорттары мен ПТР-тесттерді қолдан жасау бойынша 65 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz-ke сілтеме жасап.


Covid-19 коронавирустық инфекциясы салдарынан көптеген адамның өмірі қиылуда. Тек бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирустық инфекцияға оң ПТР-талдауы бар 5 648 науқас анықталды. Барлық қабылданған шектеу шараларына қарамастан, бұл сан күн сайын өсіп келеді. ІІМ-нің аса алаңдатарлық эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы ауруға байланысты барлық қылмыстық көріністерге ерекше көңіл бөлінеді. Жалған ПТР тестілері мен вакцина паспорттарын қолдан жасау және пайдаланушыларды анықтау бағытындағы жұмыстар белсенді жүргізілуде, өйткені вакциналанбаған азаматтар коронавирустың таралуына жағдай жасай жасап, басқаларға жұқтыру қаупін жоғарылатады.


Тергеу бөлімшелерінің өндірісінде ПТР-тестілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 42 қылмыстық іс болды (ҚК 385-бабы 1-бөлігі – 23, 2-бөлігі-3, 3-бөлігі – 16), оның ішінде 39-ы ағымдағы жылы тіркелген.


Вакцина паспорттарын қолдан жасау фактілері бойынша ағымдағы жылы 23 қылмыстық іс тіркелді, тергеу жалғасуда. Қолдан жасалған құжаттардың саны және әрбір іс бойынша заңға қайшы әрекеттерге қатысушылардың саны да әр түрлі. Бұлар тергеу нәтижелері бойынша нақтыланатын болады. Ішкі істер органдары жалған ПТР-анықтамалар мен вакцина паспорттарын сату фактілерін анықтау бойынша түрлі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Полиция қызметкерлері медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пункттерін тексеруді жалғастыруда.


ІІМ жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделгенін еске салады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #анықтау #Дерек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Кеше 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Кеше 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Кеше 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Кеше 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Кеше 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);