конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Полиция, БАҚ және қоғам: ынтымақтастықтың жаңа бағ...

Полиция, БАҚ және қоғам: ынтымақтастықтың жаңа бағыттары

Заң мен тəртіп 14.11.2024, 15:41 1,002
Полиция, БАҚ және қоғам: ынтымақтастықтың жаңа бағыттары
Өңірлік коммуникациялар қызметі
 

Алматыда полиция, БАҚ және қоғам арасындағы ынтымақтастықтың жаңа тәсілдері талқыланды

ІІМ Алматы академиясында бұқаралық ақпарат құралдары, блог-қауымдастықтар, қоғамдық ұйымдар мен қазақстандық полицияның имиджін жақсарту бағытында жұмыс істейтін лауазымды тұлғалар қатысқан конференция өтті. Шараға телеарналардың, баспа және интернет-басылымдардың журналистері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ ІІМ басшылығы мен өңірлік полиция департаменттерінің орынбасарлары онлайн режимде қатысты.

Конференция барысында үш институт арасындағы байланысты жетілдірумен ғана шектелмей, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарына назар аударылды. Қызу талқылауда қатысушылар заманауи үрдістерді ескере отырып, өзара іс-қимылды күшейтуге, жаңа байланыс арналарын енгізуге және азаматтар үшін кері байланыс орнату мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аудару қажет деген ортақ пікірге келді.

«Біз бүгін полиция мен қоғамның өзара әрекетін жақсарту үшін барлық мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Басты міндетіміз – азаматтардың өздерін қауіпсіз сезінуі үшін сенімді нығайту және тиімді коммуникациялық механизмдер құру», – деді Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының бастығы міндетін уақытша атқарушы Жанат Дильбарханова.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар тұрақты бірлескен іс-шаралар өткізу, полиция қызметкерлеріне арналған тренингтер ұйымдастыру, сондай-ақ құқық қорғау органдарының медиа және қоғаммен жұмысын жетілдіруге бағытталған коммуникациялық стратегиялар мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу туралы ұсыныстар жасады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #БАҚ өкілдері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісін алдын ала анықтайтын жаңа орталық ашылды

Бүгін 17:10

Аймағамбетовтен 6 кеңес

Бүгін 16:10

Алматыда жатақханасыз қалған студенттерге көмектесетін орталық ашылды

Бүгін 16:10

Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті

Бүгін 15:08

Бес жылды айқындайтын бір күн: 23 тамызда неге шет қалуға болмайды?

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);