AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Полицейлер жоғалған 103 жылқыны иелеріне қайтарып...

Полицейлер жоғалған 103 жылқыны иелеріне қайтарып берді

Әлеумет 16.12.2023, 08:38 1,222
Полицейлер  жоғалған 103 жылқыны иелеріне қайтарып берді
Polisia.kz

Жылқылар құны 30 млн теңге болады


Ақмолалық полицейлер құны 30 млн теңге болатын жоғалған 103 жылқыны иелеріне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Сандықтау ауданы, Жыланды ауылының бірнеше тұрғынына тиесілі жылқы табынының жоғалғаны туралы арыз 12 желтоқсанда полиция бөліміне келіп түсті.


Иелерінің айтуынша, жайылымда жүрген 103 жылқы 5 желтоқсанда жоғалып кеткен, алайда бір апта ішінде ауыл тұрғындары өз күштерімен іздеп, содан кейін ғана полициядан көмек сұраған.


Ақмолалықтар шығынды 30 млн теңгеге бағалады. Жәбірленушілердің өтініші тіркелді, ал аса ірі залалды ескере отырып, ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жоғалған жылқыларды іздеу үшін полицейлер жедел шаралар қабылдады, криминалдық полиция қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің арасынан арнайы топтар құрылды.


Іздеу іс-шараларына ТЖ қызметкерлері мен иелерінің өздері қатысты, түрлі автомобиль техникасы пайдаланылды, сондай-ақ полиция департаментінің дронымен да іздеу жүргізілді.


Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан бұл күндері өңір аумағында қатты аяз болды, топтар тәулік бойы тек Сандықтау ауданының аумағында ғана емес, облыстың көрші аудандарында да іздеу іс-шараларын жүзеге асырды.


Сондай-ақ полицейлер жедел іс-шаралар кешенін өткізді: мал басы мен ет өнімдерін сатумен айналысатын адамдарды тексерді, ет базарлары, ет комбинаттары және басқа да сауда орындары назардан тыс қалмады.


Автожолдарда қосымша блокбекеттер қойылды, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мал мен ет өнімдерін тасымалдаумен айналысатын автокөліктерге тексеру жүргізді.


Қабылданған шаралардың нәтижесінде 14 желтоқсанда жоғалған жылқылардың барлығы жоғалған жерден 30 шақырым жерде табылып, иелеріне қайтарылды.


Белгілі болғандай, ұрлық фактісі расталмады, осыған байланысты қылмыстық істі тергеу тоқтатылады.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақмола #полиция #жылқы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда шетел азаматтарына бақылау күшейді

Бүгін 11:09

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының «QAISAR» партиялық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» атты әскери-патриоттық акция өтті

Бүгін 10:15

Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталды

Бүгін 09:48

Такси жүргізушілері нені білуі тиіс?

Бүгін 09:21

Әкімдіктен Үкіметке

Бүгін 09:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);