AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Полицейлер 11,5 млн теңгеден астам шығын келтірген...

Полицейлер 11,5 млн теңгеден астам шығын келтірген браконьерлер тобын ұстады

Оқиға 04.07.2022, 16:00 1,554 Almaty-akshamy
Полицейлер 11,5 млн теңгеден астам шығын келтірген браконьерлер тобын ұстады
сурет:ПД

3 күдікті қамауға алынды


Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізу нәтижесінде облыстың 3 ауданының аумағында балық ресурстарын заңсыз өндірумен айналысқан күдіктілердің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Саховтың айтуынша, күдіктілер балық аулауға қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған.



«Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп, Түркістан облысының 7 тұрғынынан тұратын алдын ала сөз байласу арқылы қылмыс жасаған адамдар тобын ұстадық, олардың бірі бұрын сотталған.  Күдіктілер балық аулауға қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған, яғни қайықтар, костюмдер, электр қондырғыларын қолдана отырып, табиғи ресурстарды өндіруді табыс көзіне айналдырған», - делінген ақпаратта.



Белгілі болғандай, браконьерлер түнгі уақытта Шардара және Көксарай су қоймаларында, табиғат қорғау инспекторларының жоқ сәтін біліп, заңсыз балық аулаған. Содан кейін олар екі автокөлікпен заңсыз ауланған балықтарды Шымкент қаласының базарларына апарып сатқан. Ақшасын өзара бөлісіп отырған. 



«Қазіргі уақытта алдын ала сөз байласып қылмыс жасағандардың заңсыз балық аулаудың 3 жайтына қатыстылығы дәлелденді. Ал келтірілген шығын көлемі 11,5 миллион теңгеден асады. Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде, 2 автокөлік, 3 қайық, 4 қайық қозғалтқышы, 10 қармақ, 6 балық аулау костюмі, 2 радиостанция және басқа да балық аулау құралдары, сондай-ақ 120-дан астам балық аулау торлары мен 1,5 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіледік. Бүгінде 3 күдіктіні қамауға алдық, топтың қалған мүшелеріне қатысты "ешқайда кетпеу туралы қолхат" түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеуді ҚР ҚК 335-бабы "Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру" бойынша жүргізудеміз.  Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - деп түйіндеді полиция полковнигі Қ.Сахов. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Броканер #балық #шымкент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Кеше 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Кеше 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика