AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 2030 жылға дейін миллион түп ағаш егіледі

Алматыда 2030 жылға дейін миллион түп ағаш егіледі

Алматы Бүгін 12:05 41
Алматыда 2030 жылға дейін миллион түп ағаш егіледі
Алматы әкімдігі

Олардың қатарында кизильник, пузыреплодник, дерен, бөріқарақат пен спирея бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеуді тапсырып, «Таза Қазақстан» бір реттік экологиялық акция емес, күнделікті дағдыға айналуы керектігін айтты. Мемлекет басшысы тазалық әр адамның өзінен басталатынын, ал абаттандыру мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау тұрақты мінез-құлық нормасына айналуы тиіс екенін атап көрсетті.

Алматыда бұл міндет бірнеше бағыт бойынша жүзеге асып жатыр. Қалада аумақты тазалауға ғана емес, көгалдандыруға, көшет өсіруге арналған жеке инфрақұрылым қалыптастыруға, жасыл желекке күтім жасап, қала тұрғындарының экологиялық дағдысын қалыптастыруға басымдық беріле бастады. Егілген ағаш пен бұталардың жерсініп, кейіннен қаланың тұрақты экожүйесін қалыптастыруына ерекше көңіл бөлініп жатыр.

Биыл Алматы қаласының Экология басқармасы шамамен 500 мың бұта мен 6,5 мыңға жуық ірі ағаш екті. Өсімдікті таңдау кезінде қалалық ортаның ерекшелігі мен климаты да ескеріледі. Жиі қолданылатын өсімдіктің қатарында кизильник, пузыреплодник, дерен, бөріқарақат пен спирея бар. 2030 жылға дейін Алматыда миллионнан астам ағаш екпек ойда.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, негізгі міндеттің бірі – қаланың бір кездегі көке оранған келбетін қайтару. Оның сөзінше, бұл тек ағаш егу көлемін арттырумен шектелмейді. Өсімдік дұрыс таңдалып, олардың жерсінуі мен кейінгі күтіміне де қаты көңіл бөлу қажет.

«Қазір қаланы қайтадан гүлденген қала-баққа айналдыруымыз керек. Мемлекет басшысы бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр. Әрине, нағыз көкке оранған қаланың бастапқы келбетін қалпына келтіру үшін олардың жерсініп, өсімдіктің түрін дұрыс таңдап, дұрыс күте білуіміз де керек. Сондықтан біз көшет материалымен қамтамасыз ететін қалалық питомниктер желісін құрып жатырмыз», – деп толықтырды сөзін Дархан Сатыбалды.

Жұмыстың тағы бір бағыты – экологиялық ағарту. Eco Network жобасының негізін қалаушы, экоактивист Евгений Мухамеджановтың пікірінше, тек сенбілік өткізу арқылы адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерте алмаймыз. Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» күнделікті әдеттің өзгеруіне ықпал етіп, бұл жұмысты бала кезден бастау қажет екен.

Жақында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, сенбілікке қатысушылардың 90 пайыздан астамы тұрақты түрде экологиялық өмір салтын ұстанбайды. Сондықтан сарапшы балалардың бойында қажетті дағдыны қалыптастыру, соның ішінде қалдықты сұрыптауға үйрету, ресурстарды тұтынуға жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаға ұқыпты қарау керек екенін айтты.

Осындай жобаның бірі – GREEN UP – қазірдің өзінде Алматы мектептерінде жүзеге аса бастады. Алдағы уақытта оны еліміздің басқа өңіріне де тарату жоспарланып отыр.

«Мемлекет басшысымен кездескеннен кейінгі екі жыл ішінде барлық қажетті құралды әзірледік. Бізде эко-хабтар, эко-трактар, мобильді қосымшалар мен басқа да құралдар бар. Яғни мемлекеттік қаражатты тартпай-ақ, мәдениетті цифрландыру мен енгізудің толық кешенін құрдық. Түркістан облысының Созақ ауданындағы ауыл мектептерінде бағдарламаны енгіземіз. Мұндай жоба елімізде бұрын-соңды болмаған. Бізге дейін ешкім жасамаған дүниені жасап жатырмыз. Енді президенттің айтқан бастамасын қолдап, оның тапсырмасын орындауға мүмкіндік бар», – деді Евгений Мухамеджанов.

Сонымен қатар Алматыдағы көгалдандыру жұмысы ұзақ мерзімді міндет ретінде қарастырылады. Ағаш пен бұта егумен қатар, қалада көшет материалының жеке базасы қалыптасады. Бұл көгалдандыру жұмысын жүйелі түрде жүргізіп, өсімдікке күтім жасауға мүмкіндік береді.

Осылайша, Алматыда «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру бірнеше өзара байланысты бағытты қамтиды. Олар – қала аумағын таза ұстау, жасыл желектер санын арттыру, питомниктер құру, қалалық ортаға бейімделген өсімдіктерді таңдау мен экологиялық ағарту жұмысын жүргізу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мамандығымды мақтан етумен келемін

Бүгін 12:45

Олжас Бектенов мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 12:30

Алматының Алатау ауданында өндіріс көлемі 743,8 млрд теңгеге жетті

Бүгін 12:29

Астанада AI Month шарасына Дженсен Хуанг қатысады

Бүгін 12:15

Жалған ақпарат жарға жығады

Бүгін 11:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);