AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскери жаттығула...

Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскери жаттығуларын дереу тоқтатуды талап етті

Әлем 01.11.2022, 05:57 1,084
Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскери жаттығуларын дереу тоқтатуды талап етті
Сурет: Kommersant.ru

Жауап ретінде қатаң шаралар қабылдауы мүмкін екенін ескертті.


Солтүстік Корея сейсенбіде Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың дүйсенбіде басталған бірлескен әуе жаттығуларына жауап ретінде қатаң шаралар қабылдауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz   cілтеме жасап.



"Бұл негізінен Корея түбегіндегі жағдай күрт өзгерер болса, КХДР-дың стратегиялық нысандарына соққы беруді пысықтауға бағытталған агрессивті әскери жаттығулар", - делінген Кореяның орталық ақпарат агенттігі (КОАА) жариялаған КХДР СІМ өкілінің мәлімдемесінде.



Дипломат Пхеньян "өзінің егемендігін, халықтың қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы әскери қауіптерден қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын" деп ескертті.



"Егер АҚШ әскери арандатушылықты ары қарай жалғастырар болса, КХДР одан да күшті жауап қайтарады", — делінген хабарламада.



Соңғы бес жылда Vigilant Storm АҚШ-Оңтүстік Кореяның алғашқы ірі бірлескен әуе жаттығулары дүйсенбіде басталды. Оқу-жаттығуға 240-тан астам ұшақ, соның ішінде жаңартылған "көрінбейтін" ұшақтар жұмылдырылған.


Оңтүстік Корея Әскери-әуе күштері атынан шамамен 140 ұшақ, олардың арасында F-35A "көрінбейтін" жауынгерлері, сондай-ақ F-15K мен KF-16 ұшақтары жұмылдырылған. АҚШ әуе күштерінен Жапонияның Окинава аралында орналасқан F-35B "көрінбейтін" жауынгерлері мен EA-18 электронды соғыс ұшақтарын қоса алғанда, 100 бірлік техника ұсынылған. Оқу-жаттығу барысында барлығы 1,6 мыңнан астам жауынгерлік ұшуды орындау жоспарлануда.



"Одақтастар "Солтүстік Корея тарпынан қауіп-қатерлердің өсуіне тосқауыл қоюды күшейтуге тырысады", - деп атап өтті агенттік жергілікті шенеуніктердің мәлімдемесіне сілтеме жасап.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#корея #АҚШ #жаттығу #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Бүгін 12:27

Алматы тау кластері кәсіпкерлікке жаңа серпін береді

Бүгін 12:26

Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда жастар плакаттармен Almaty Superski жобасын қолдады

Бүгін 12:19

Алматы орталығында дүкенге заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді

Бүгін 11:52

Алматыда мемлекеттік қызмет жүйесін қалай реформалайтынын айтты

Бүгін 11:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);