Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Pfizer-дің тағы 1 млн дозасы сатып алынады

Pfizer-дің тағы 1 млн дозасы сатып алынады

Әлеумет 18.01.2022, 13:44 1,280
Pfizer-дің тағы 1 млн дозасы сатып алынады
Сурет: Egemen.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Pfizer вакцинасының қолжетімділігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Біріншіден, Pfizer қазір қолжетімді. 4 млн дозадан астам Pfizer екпесін сатып алдық. Қазір вакцинаның бұл түрі қолжетімді адамдардың нақты санаты бар. Олар: 12 және одан жоғары жастағы жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажеттігін ескерсек, 60-тан асқан адамдарға да мүмкіндік бердік. Бұл ел халқының 1 миллионнан астам адамы деген сөз. Сондықтан Pfizer қолжетімділігі нақты бар. Басқа да вакцина түрлері бар екенін ешкім ұмытпау керек. Екпенің қолжетімділігі туралы мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұдан басқа қосымша 1 млн доза сатып аламыз», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.



Сондай-ақ, ол аталмыш вакцинаны ақылы сегментке шығару мүмкіндігіне тоқталды.



«Ақылы Pfizer вакцинасы туралы мәселе ылғи көтеріліп жүр. Бірнеше рет жауап бердік деп ойлаймын. Pfizer-ді ақылы сатпау туралы шешім қабылданған. Сондықтан Pfizer вакцинасы нақты санаттар үшін қазір қолжетімді. 60-тан асқандарға бөлеміз дедік қой. Соның орнын толтыру үшін сәуір айына қарай тағы 1 млн дозасын алғызамыз», - деді Ералы Тоғжанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #қолжетімділік #екпе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы референдум учаскелері жоғары бағаланды

Бүгін 20:43

Алматыда "Халық үні" тәуелсіз бақылаушылар тобы референдум қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізді

Бүгін 20:16

Ақтөбе облысында жасөспірімге қатысты зорлық дерегі бойынша 25 жастағы күдікті қолға түсті

Бүгін 17:46

Тағы 167 қазақстандық аман-есен Алматыға оралды

Бүгін 17:19

Алматылық спортшы қыздар U20 және U17 жас санаттары бойынша әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында табысты өнер көрсетті

Бүгін 17:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі