AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Пәтер кілті табысталды

Пәтер кілті табысталды

Әлеумет 27.05.2024, 10:53 1,039
Пәтер кілті табысталды
Самат Құсайынов

Әлеуметтік осал топтағы тұрғындар баспаналы болды.

Наурызбай ауданының «Шұғыла» ықшамауданында орналасқан «Alem City-2» тұрғын үй кешенінде салынған 3 үйден бірінші болып халықтың әлеуметтік осал тобында кезекте тұрған тұрғындарға 124 пәтердің кілті табыс етілді.

Көптен күткен қуанышын жасыра алмай, жүздері қуаныштан алабұртқан шаһар тұрғындарының алғашқы тобына пәтер кілтін салтанатты түрде Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаеваның өзі тапсырды. Бұл күні баспаналы болып, мол қуанышқа кенелген әлеуметтік көмекке аса мұқтаж жандардың қала әкімшілігіне, аудан басшылығына алғысын жаудырғанына куә болдық. 

Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың тікелей тапсырмасымен биыл шаһардың коммуналдық-тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал тобын құрайтын тізімде тұрған азаматтарға кезек тәртібімен 2 000 арендалық пәтерді ұсыну жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, дәл осы күні аудан аумағында тапсырылған 124 пәтердің 75-і – екі бөлмелі, 49-ы – бір бөлмелі. Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын алғашқы боп пәтер иеленгендердің 35-і – жетім бала, 14-і – І, ІІ топтағы мүгедек, 8-і – мүгедек бала  тәрбиелеп отырған отбасы, 4-і – зейнеткер, 63-і – толық емес отбасы. 

«Жыл соңына дейін кезекте тұрған қала тұрғындарына қала әкімінің тапсырмасына сай, 2 000 пәтер беру ұсынылған. Соның 400-і жетім балаларға беріледі. Бүгін ұсынылған 124 пәтер кілті он жылдан астам тұрғын үй кезегінде тұрған қала тұрғындары ішіндегі халықтың әлеуметтік осал топтарына табысталды.   Олардың басым бөлігі 2010-2011 жылдардан бері кезекте тұрған», – деп мәлімдеді Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пәтер #Алматы #кезек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Кеше 18:29

Алматы студенттері Қытайда цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін шыңдады

Кеше 18:13

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Кеше 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Кеше 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Кеше 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика