Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Пашинян Таулы Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі д...

Пашинян Таулы Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі деп тануға дайын екенін мәлімдеді

Саясат 22.05.2023, 14:24 1,854
Пашинян Таулы Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі деп тануға дайын екенін мәлімдеді
Сурет: Ашық дереккөз

Бейбіт келіссөздер Кавказға ұзақ мерзімді бейбітшілік әкеледі


Армения Таулы Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі деп тануға дайын, деп мәлімдеді Армения Премьер-министрі Никол Пашинян. Ол армян халқының құқықтары сақталса ғана осындайға дайын екендіктерін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.



"86,6 мың шаршы шақырымға Таулы Қарабақ та кіреді. Сонымен қатар, Таулы Қарабақтағы армяндардың құқықтары мен қауіпсіздігі мәселесі Баку-Степанакерт форматында талқылануы керектігін айтып отырмыз", - деді ол.



Өз кезегінде Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев те Әзірбайжан мен Армения арасында бейбіт келіссөздер жүргізу "сайып келгенде Кавказға ұзақ мерзімді бейбітшілік әкеледі" деп үміттенін жеткізді.


Мамыр айының басында Армения мен Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлері Арарат Мирзоян мен Джейхун Байрамов АҚШ-тың Арлингтон қаласында кездесті. 4 мамырда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен тараптар бейбіт келісімге келу жолында айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін мәлімдеді. 17 мамырда Пашинян мұны 14 мамырда Брюссельде Еуропалық кеңес басшысы Чарльз Мишельдің арағайындық танытуымен Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен болған келіссөздердегі прогресті көрсете отырып растады.


Қарабақ қақтығысы 1988 жылы ақпанда Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзірбайжан КСР құрамынан шығатынын жариялаған кезден басталды. 1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыстың нәтижесінде Әзірбайжан Таулы Қарабақты және оған іргелес жеті ауданды уысынан шығарып алды. Одан кейін қақтығыс дүркін-дүркін төбе көрсетіп отырды, екі ел шекарасында атыс болып, шиеленістер де аракідік бұрқ ете түсетін.


2020 жылдың қыркүйегінде Таулы Қарабақта әскери іс-қимыл қайта бұрқ етті. Ол үш айға созылды. Бітімге келудің үш әрекеті сәтсіз аяқталды, бірақ 10 қыркүйекке қараған түні Баку мен Ереван Мәскеудің делдалдығымен бейбітшілік келісіміне қол қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таулы Қарабақ #Пашинян
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика