ПАРИЖ  САММИТІ: маңызды жиындағы мәлімдемелер нені білдіреді?

ПАРИЖ  САММИТІ:  маңызды жиындағы мәлімдемелер нені білдіреді? Франция президентінің Х әлеужелісіндегі ресми парақшасынан алынды. Онда АҚШ пен Ұлыбритания өкілдері жоқ

10-11 ақпанда Франция астанасы Парижде «ЖИ саласындағы іс-әрекет мәселелері бойынша Саммит» өтті. Саммитке 100-ден астам елдің билік өкілдері, кәсіпкерлер мен сарапшылар қатысты. Жасанды интеллект саласындағы маңызды жиында сөз сөйлеген Франция, АҚШ және ЕО билік өкілдерінің мәлімдемелеріне назарымыз түсті. Себебі, Еуроодақ пен Франция технологиялық бәсекелестіктен шет қалмақ емес.  

 

АҚШ ұлттық мүддені жоғары қойды

 

Америка Құрама Штаттарының атынан Парижде өткен саммитке вице-президент Джей Ди Венс қатысты. Ол жасанды интеллект саласына қатысты Трамп әкімшілігінің не ойлайтыны, қандай жоспарлары бар екені жайлы баяндама жасады. Бір қызығы, ол өзі сөйлеп болғасын Франция президенті Эмманюэль Макрон мен ЕО комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйанды тыңдамай іс-шара өткен жерден шығып кетті. Алайда, іс-шара аяқталған соң олардың әрқайсысымен жеке кездескен. Мәселеге тереңірек қарайтын болсақ, оның іс-әрекетінің саяси астары бар екенін көреміз.

АҚШ пен Ұлыбритания саммиттің қорытындысы саналатын құжатқа қол қоюдан бас тартты. Есесіне, қол қойғандардың арасында Қытай бар. Бұл нені білдіреді? ЖИ саласын дамытуда АҚШ пен ЕО арасында көзқарастар әртүрлі. Екі тарап та технологиялық дамуды қолдайды. Алайда, АҚШ «дамуға» мән берсе, ЕО «қауіпсіздікті» бірінші орынға қоюда. Құжатта ЖИ саласы барынша инклюзивті, ашық, этикаға сай және қауіпсіз болуы тиіс деп жазылған.

АҚШ-тың вице-президенті Джей Ди Венс өз сөзінде жасанды интеллектіні шектен тыс реттеу саланы құрдымға әкеледі деп еуропалықтарға қарата мәлімдеме жасады. Ол бұл мәлімдемесін Трамптың «Ең алдымен Америка» атты бағдарламасы аясында айтты. Яғни ЖИ саласында АҚШ ұлттық мүддесін бәрінен жоғары қойып, технологиялық бәсекелестікте жеңіске жетуді мақсат еткенін мәлімдеді. Дональд Трамптың алғашқы жарлықтары да оның сөзін дәлелдеп тұрғандай. Себебі, ЖИ саласын дамытуға бөлінген 500 млрд АҚШ доллары аз қаражат емес.

 

Еуропа да бәсекеге түспек

 

Еуропалықтар да ЖИ саласындағы бәсекелестіктен шет қалмақ емес. Алайда, америкалық әріптестерінен ерекшелігі қауіпсіздікке басымдық беруде. Бұл туралы ЕО комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйанның мәлімдемесінен байқауға болады. Ол өз сөзінде: «Бұл саммит бізге қажет іс-қимылға арналған. ЖИ бізді қоғам және адамзат ретінде қайда алып келетінін түсінетін уақыт келді. Содан кейін біз Еуропаның осы мақсатқа жетуін жеделдетуіміз керек», – деді. Яғни ЖИ-ді дамыту бізді қайда алып келеді деген мәселеге аса мән беріп отыр. Одан кейін ғана даму туралы айтты.

Урсула фон дер Ляйан өз сөзінде ЕО ЖИ саласын дамытуға 50 млрд еуро (51,6 млрд АҚШ доллары) қаражат бөлінетіні туралы мәлімдеді. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, әрине, Трамп бөлген қаражаттан 10 есе аз. Дегенмен, ЕО комиссия төрайымы АҚШ пен Қытай бастаған бәсекеден тыс қалмайтынын айтты. 

ЖИ саласын дамытуға Франция билігі де мүдделі. Мұны саммитті өткізуінен және Эмманюэль Макронның мәлімдемелерінен көреміз. Алайда, президенттің сөзіне қарағанда ЖИ-ді дамыту үшін энергетикалық мүмкіндігі шектеулі екен. Мұндай мәселені Германия да шешуі тиіс. Себебі, жасылдардың билікке ықпалынан АЭС-тар жабылды. Энергетикалық мәселені шешпей ЖИ-ді дамыту мүмкін емес. Сондықтан ЕО-ның  бәсекелестікке төтеп бере алмау ықтималдығы басым.

 Қазақстан GPAI-ды қолдады

 

Франциядағы саммитке еліміздің атынан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бастаған делегация қатысты. Онда ол Қазақстанның «Жасанды интеллект жөніндегі жаһандық әріптестікті» (GPAI) қолдайтынын мәлімдеді. Министр қатысқан іс-шараға Франция Президенті Эммануэль Макрон, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо және ЭЫДҰ Бас хатшысы Матиас Корман қатысты.

Жаслан Мәдиев өз сөзінде елдегі цифрлық трансформация нәтижелері мен жасанды интеллектті дамыту жоспарларымен бөлісіп, Alem.AI орталығының тұжырымдамасы туралы айтты.

«Қазақстан жасанды интеллекттің болашағымызды қалыптастырудағы маңызды рөлін мойындайды және бұл саладағы халықаралық ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде GPAI-ды жоғары бағалайды. Біз үкіметтер мен сарапшыларды біріктіре отырып, GPAI-дың жасанды интеллектке байланысты мүмкіндіктер мен сынақтарға жауап беру жөніндегі күш-жігерін қолдаймыз және оның жасанды интеллект саласындағы білім мен тәжірибені бүкіл әлемге тарату миссиясын толықтай құптаймыз. Қазақстанда біз ұлттық жасанды интеллект экожүйемізді белсенді түрде дамытып жатырмыз. Біз Alem.AI – жасанды интеллект саласындағы инновацияларды қолдау, стартаптардың дамуын жеделдету және ғылыми зерттеулерді ынталандыруға арналған Халықаралық орталық құрып жатырмыз. Жылына 200 мың азаматты мектеп оқушыларынан бастап мемлекеттік қызметшілерге дейін базалық және ілгері деңгейдегі жасанды интеллект дағдыларына оқытатын кешенді білім беру бағдарламалары арқылы адами капиталды дамытуға міндеттенеміз», – деді министр өз сөзінде.

·        Министрдің мәлімдемесінен еліміздің ЖИ саласын дамытуға мүдделі екенін байқаймыз. Мемлекет басшысы да соңғы жылдары технологиялық бәсекелестіктен қалып қоймау жайлы жиі айтуда. Алайда, біз ЖИ саласындағы технологиялық бәсекелестік геосаяси, геоэкономикалық текетіреске ұласып кетпегенін қалаймыз. Сондықтан да еуропалықтар ұсынған GPAI бастамын қолдап отырмыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:29

17:24

17:20

17:14

17:09

17:00

16:56

16:48

16:47

16:46

16:44

16:39

16:38

16:31

16:26

16:25

16:21

16:17

16:16

16:11

16:08

16:07

16:04

15:59

15:58