Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Париж Олимпиадасына спортшылардың дайындығы қай де...

Париж Олимпиадасына спортшылардың дайындығы қай деңгейде?

Спорт 06.02.2024, 08:08 1,308
Париж Олимпиадасына спортшылардың дайындығы қай деңгейде?
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Олимпиадаға дайындық жұмыстарына арналған Штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр.


Канвондағы (Корея) қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасында Ұлттық құрама спортшылары сәтті өнер көрсеткеннен кейін Штаб Париждегі жазғы Олимпиада мен Паралимпиадаға дайындықты бастады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



ҚР Спорт комитеті мәлім еткендей, XXXIII жазғы Олимпия ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төртжылдықтың басты додасына әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Париждегі додада 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.


Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының 19 лицензиясы (спорттың 8 түрінен) бар (садақ ату – 4, велошоссе – 3, нысана көздеу – 5, қазіргі бессайыс – 2, бокс – 2, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастика – 1). Олимпия ойындарына дейін 69 лицензиялық жарыс қалды. Оның ішінде 5 әлем чемпионаты, 7 Азия чемпионаты және 57 рейтингтік турнир бар.




«Биылғы жылдың басты спорттық оқиғасы – Париждегі жазғы Олимпия ойындары болмақ. Штабтың алдағы мақсаты – халықаралық турнирлерде спортшылардың сәтті өнер көрсетуіне жағдай жасау және мүмкіндігінше көп лицензия олжалау. Құрама көшбасшылары әр спорт түрінің ерекшелігі, спортшының қажеттілігі, медициналық-биологиялық тұрғыда қамтамасыз етілгені, оның ішінде физиотерапия, оңалту мен жарақаттардың алдын алу, психологиялық қолдау және жарысқа дайындық кезінде күйзелісті жеңу сияқты жағдайлар ескерілген жеке жоспар бойынша дайындалады. Сонымен қатар штаб спортшылар мен делегация мүшелерін керек-жарақпен қамтамасыз ету мәселесін қарастырып жатыр», - деді Олимпиадаға дайындық жөніндегі штаб басшысы Елсияр Қанағатов.




Штаб – Мемлекет басшысының Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және спорт федерациялары бірлесе жұмыс істеу керек деген тапсырмасын орындау мақсатында құрылған уәкілетті орган. Штабтың негізгі жұмысы – спортшылардың алдағы жарыстарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету. Штаб барлық кешенді жарыстар аяқталғанға дейін тұрақты негізде жұмыс істейтін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада #париж #Ұлттық құрама #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика