Алматы қаласында пара берушілердің бірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара беру және делдал ретінде қатысу заңмен қудаланатынын еске салады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпараты бойынша жыл басынан бері республика бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 724 адам анықталды, олардың үштен бірі пара беруші болып табылады (273 адам немесе 37,7%).
«Пара беру» Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырмадан алпыс есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады, - делінген агенттік ақпаратында.
Мәселен, құқық қорғау органдарының бірінің лауазымды тұлғасына 800 000 теңге пара бергені үшін Қостанай облысында сотталған адамға 24 млн теңге айыппұл салынды.
«Алматы қаласында пара берушілердің бірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Және мұндай мысалдар көп», - деп жазылған ведмоство мәліметінде.
Өз кезегінде, 2 АЕК-тен кем пара беру пара берушіні жауапкершіліктен босатпайды. Заңсыз материалдық сыйақының және сыйлықтардың мұндай түрі 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Қылмыстық немесе әкімшілік болсын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар әркімнің жеке ісінде із қалдырады, бұл жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.
Бұл мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік секторға жұмысқа орналасуға кедергі болады. Сондай-ақ, Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау жұмыс берушінің өзінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
Агенттік барлық азаматтарды өздерінен бастауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділік қағидатымен жеке тұлғасын өсіруге шақырады.
Сыбайлас жемқорлық көріністерімен соқтығысқан жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тәулік бойғы кол-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарлау қажет. Қоңырау шалу тегін болып табылады.
Ақпарат расталған жағдайда, хабарлама 80 мыңнан 11 млн теңгеге дейінгі ақшалай сыйақымен марапатталады.