Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Пандемияға қарамастан қала дамып келеді – Бақытжан...

Пандемияға қарамастан қала дамып келеді – Бақытжан Сағынтаев

Әлеумет 19.09.2021, 12:32 1,204
Пандемияға қарамастан қала дамып келеді – Бақытжан Сағынтаев
Cурет: Inform.kz

Мыңдаған алматылық баспаналы болады.


Алматы туған күнін тойлауда. Бұл әр адам үшін ерекше күн. Пандемияға қарамастан қала дамып келеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев фейсбуктегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қала басшысы биыл 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілетінін, мыңдаған алматылық баспаналы болатынын жеткізді.



«Алматы туған күнін тойлауда. Бұл әр адам үшін ерекше күн. Пандемияға қарамастан қала дамып келеді. Биыл 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мыңдаған алматылық баспаналы болады. Олардың ішінде 248 мыңнан астам немесе 4926 пәтер халықтың әлеуметтік осал тобына беріледі. 1013 көпбалалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар тұрғын үйге ие болады. Жұмыс істейтін жастар үшін 1050 жалдамалы пәтер қарастырылған», - деді әкім.



Бұдан өзге жастарға арналған бағдарламалар мен жеңілдетілген несие туралы да айтылды.



«Алматы жастары қалалық бағдарламасы бойынша - 1000 жеңілдетілген несие көзделген. Бұдан басқа жекелеген санаттар үшін «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны құюға 1 млн теңгеден 2 мың тұрғын үй сертификаты көзделген», - деп жазды шаһар басшысы.



Бақытжан Сағынтаев спорт алаңдары жаңартылатынын, жаңа білім беру нысандары пайдалануға берілетінін айтты.



«Жыл соңына дейін 16 мыңға жуық оқушыны қамтитын 31 білім беру нысанын пайдалануға береміз. 61 мектеп жанындағы спорт алаңдарын жаңартудамыз. 10 жабық спорт кешені салынуда», - деді Б.Сағынтаев.



Мегаполис басшысы қаланы көгалдандыру жұмыстары барысына да тоқталды.



«Қаланы көгалдандыру бағдарламасы жалғасуда. Осы жылдың көктемінде 64 мың түп ағаш егіледі. Қазан айынан бастап тағы 350 мың ағаш отырғызылады. 22 саябақ пен сквер жөнделіп, жалпы ауданы 284 га болатын 8 жаңа саябақ аймағының құрылысы басталды. Біз бірге Алматыны әдемі, жайлы әрі әсем етіп көркейтеміз. Бүгін ортақ игілік үшін еңбек еткен әрбір жанға алғыс айтқым келеді! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!», - деп жазды қала басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қала күні #Сағынтаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі