конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Өзбекстандағы мұражайлардың бірінен 70 жалған эксп...

Өзбекстандағы мұражайлардың бірінен 70 жалған экспонат анықталды

Оқиға 14.07.2022, 02:31 1,191 Almaty-akshamy
Өзбекстандағы мұражайлардың бірінен 70 жалған экспонат анықталды
сурет: Inform.kz

Тарихи мұраның құны 2,5 млрд өзбек сомы


Өзбекстанның Фергана облысындағы Тарих және мәдениет мұражайында теңдессіз 70 экспонаттың жалған жәдігерлермен алмастырылғаны анықталды. Тарихи мұраның құны 2,5 млрд өзбек сомы немесе 230 мың долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Арнайы жұмыс тобы мұражай қорын зерттеу барысында құны 2,5 млрд өзбек сомын құрайтын теңдессіз 70 экспонаттың (56-сы бейнелеу өнерінің туындылары) жалған екенін анықтады. Сонымен қатар мұражайда тұруы тиіс 1 бейнелеу өнерінің туындысы мен 1 графикалық шығарма жоқ болып шықты»,-делінген ведомствоның хабарламасында.



Айта кетерлігі, 2011 жылы Фергана облысының Ішкі істер басқармасына 21 экспонат тапсырған. 2016 және 2020 жылдар аралығында олардың тек 14-і ғана қайтарылған. Қазіргі таңда Фергана облысының Ішкі істер басқармасында мұндай құндылықтардың жоқ екені анықталып отыр.
Агенттік өкілдері сондай-ақ тексеру барысында мұражайды күрделі жөндеуге бөлінген 3,1 млрд өзбек сомының 1,4 млрд сомы ұрланғаны анықталғанын хабарлады.
Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Бұған дейін Өзбекстан мұражайларынан 30 жылда 3 мыңнан астам теңдессіз мәдени құндылықтар жоғалғаны хабарланған болатын. Келтірілген шығын көлемі 4 трлн сом немесе 357 млн долларды құрайды.
Мұражайдан ұрланған құндылықтардың осыншама зор көлемде екенін ескере отырып, Өзбекстан президенті Бас прокуратура, Туризм және мәдени мұра министрлігі басшылық ететін комиссияға Өзбекстан мұражайларындағы жәдігерлердің барлығын түгендеп, жыл соңына дейін олардың электронды базасын жасауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекстан #Жәдігер #Мұражай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Бүгін 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);