AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Өзбекстанда қазақ ұлттық орталығының 30 жылдығы ат...

Өзбекстанда қазақ ұлттық орталығының 30 жылдығы аталып өтті

Әлем 12.06.2022, 09:20 1,233
Өзбекстанда қазақ ұлттық орталығының 30 жылдығы аталып өтті
Сурет: Inform.kz

9-10 маусым аралығында Өзбекстан мемлекетінде «Өзбекстан - бақытты ұлттар мекені» атты Республикалық қазақ ұлттық орталығының 30 жылдық мерейтойы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Шара Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан қазіргі күнге дейін көптеген ұлттардың бір аспан астында бейбіт, бір болып өмір сүрулеріне жағдай жасап, «этник» сөзіне лайықты дамыту мен ұлтаралық қатынастарды нығайтуда 30 жыл ішінде жасалған жұмыстармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Мерейтойға Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті құзырындағы Ұлтаралық қатынастар және шет мемлекеттермен достық байланыстары комитетінің төрағасы Рустамбек Курбанов, ҚР Өзбекстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды, Өзбекстандағы Республикалық Қазақ мәдени ортылығының басшысы Үсенов Серік, «Отандастар қоры» ҚеАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы мен Өзбекстан аймағындағы барлық аудандарындағы Қазақ мәдени орталықтарының басшылары мен Өзбекстанда тұратын өзге ұлт орталықтарының өкілдері қатысты.



Бұл маңызды шара қазақтың қарлығаш биі Төле бидің жатқан жеріне зиярат етіп, құран бағыштаудан бастау алды. Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінде орталықтың 30 жылдығына арналған: «Өзбекстан қазақтары: экономика, ғылым және мәдениет» атты ғылыми практикалық конференциясы ұйымдастырылды.


Конференцияда «Орталықтың 30 жылда атқарған игі шаралары», «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ыңтымақтастықтың келешегі», «Қазақстан халықтары Ассамблеясының ұлтаралық қатынастарды дамытудағы рөлі» мен «Шет мемлекеттермен достық байланыстарда қандастардың орны» атты тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар, Мекембай Омарұлының «Ташкент қазақтары тарихы және мәдени өмірі» атты кітап тұсаукесері өтті.


Іс-шара барысында бірнеше маңызды кездесулер өтті. Атап айтсақ, Отандастар қоры делегациясы Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті құзырындағы Ұлтаралық қатынастар және шет мемлекеттермен достық байланыстар комитеті және Өзбекстан «VATANDOSHLAR jamoat fondi» басшылығымен кездесіп, екі жақты бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасу тақырыптары талқыланды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекстан #Қазақстан #Достық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);