AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өзбекстан Сенаты міндетті вакциналау туралы заң жо...

Өзбекстан Сенаты міндетті вакциналау туралы заң жобасын мақұлдады

Әлеумет 31.07.2021, 18:25 1,561
Өзбекстан Сенаты міндетті вакциналау туралы заң жобасын мақұлдады
podrobno.uz

Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі жұмыс істейтін тұрғындардың коронавирусқа қарсы міндетті вакциналануына құқықтық негіз беретін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.



Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін пленарлық отырыста депутаттар Өзбекстан Республикасының «Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамсыз етуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын мақұлдады.



Құжат Президент қол қойған соң жұмыс істейтін тұрғындарды міндетті вакциналау ісіне заңды негіз қалайды. Осы құжаттың қабылдануына орай «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» заң мен Еңбек кодексіне түзетулер енгізіледі.


Халық қалаулыларының пікірінше, заң күшіне енсе, қолданыстағы заңнамадағы қайшылықтар жойылып, тұрғындарды жаппай вакциналау жұмысын ұйымдастырудың заңды негіздері нығаяды.



Айта кетейік, республикада эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты 17 шілде күні Коронавирус бойынша арнайы комиссия сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету, білім беру салаларында жұмыс істейтін 18 жастан асқан азаматтарды міндетті вакциналау жөнінде шешім қабылдады.



Вакциналауға аталғандармен қатар әскерилер мен құқық қорғау органының өкілдері де жатады. Осы мақсатта азаматтардың аталған категориялары сауықтыру екпелерінің Ұлттық күнтізбесіне енгізілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ковид #екпе #Өзбекстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Бүгін 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Бүгін 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Бүгін 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Бүгін 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Бүгін 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);