AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Өзбекстан Парламенті Қарақалпақстанның егемендік м...

Өзбекстан Парламенті Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін сақтау туралы шешім қабылдады

Әлем 04.07.2022, 07:50 1,419
Өзбекстан Парламенті Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін сақтау туралы шешім қабылдады
Сурет: Inbusiness.kz

Соңғы күндері Қарақалпақстан астанасы Нүкісте ереуілдер болды.


Өзбекстан Парламенті Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін өзгерту туралы бапты бүкілхалықтық талқылаудан алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusinnes.kz сілтеме жасап. 


Бұл түзетулер Нүкістегі халықтың бас көтеруіне әкеліп соққан еді. 


Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын бүкілхалықтық талқылау барысында Қарақалпақстан халқының ұсыныстары мен пікірлері туралы айтқан сөзінде Жоғарғы Кеңес депутаттарымен және Қарақалпақстан халқының өкілдерімен кездесу барысында барлық ұсыныстарды ескеру қажеттігін атап өтті. Яғни Өзбекстан Республикасы Конституциясының 70-ші, 71-ші, 72-ші, 74-ші және 75-баптары өзгеріссіз қалады, ал қолданыстағы нормалар сақталады. 


Заң шығарушы палата «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын бүкілхалықтық талқылау мерзімін 2022 жылғы 15 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. 


Естеріңізге сала кетейік, соңғы күндері Қарақалпақстан астанасы Нүкісте ереуілдер болды. Наразылық шарасы кезінде нақты қанша адамның зардап шеккені жарияланбады. Қарақалпақстанды егемендігінен айыру туралы өзгерістің Конституцияға енгізілмек болуы халықтың бас көтеруіне әкеліп соқты. Өзбекстан аумағында 2 тамызға дейін төтенше жағдай енгізілді. Қазақстанмен арадағы шекара бекеттері жабылып, пойыз қатынасы тоқтатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ташкент #заңжоба #парламент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күні: «Әнім сенсің, Алматы!» атты мерекелік концерті өтті

Бүгін 20:06

ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бүгін 17:46

ALMA-FEST CIRCUS – Алматы күніне арналған үш күндік цирк мерекесі

Бүгін 17:42

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:30

РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);