AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Отыз жыл күткен алтын

Отыз жыл күткен алтын

Спорт 19.09.2023, 01:53 1,442
Отыз жыл күткен алтын
Сурет: Sports.kz

Ризабек Айтмұқан еркін күрестен әлем чемпионы атанды


Еркін күрестен Ризабек Айтмұқан (92 келі) әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан финалда Осман Нурмагомедовпен кездесті.


Кездесу басынан балуандар бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті. Әзербайжандық балуан әдіс қолданып, алғашқы ұпайын еншіледі. Одан кейін Ризабек әдіс қолданып, таразы басын теңестірді. Соңғы сәтте ол тағы айласын асырып, ұпайын молайтты.


Нәтижесінде Ризабек Айтмұқан қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. 


Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан - еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы болып отыр.


Қарсыласы осал емес. 1998 жылы дүниеге келген әзербайжандық балуан қазірге дейін әлем чемпионатында 2021, 2022 жылдарда қола жүлдегер атанды. Оған қоса Еуропа чемпионатында бір мәрте күміс, екі мәрте қола алған.


Ризабек Айтмұқан финалға дейінгі төрт кездесудің барлығында жеңіске жетті. Алдымен венгриялық Балаж Юхасты 13:3 есебімен жеңсе, одан кейін түркиялық Фейзулла Актюркті 11:0 есебімен тізе бүктірді.


Ал жартылай финалда грузиялық Мириани Майсурадзеден басым түсті.


Енді ел құрамасынан Мейрамбек Қартбай (57 келі) і 3-орын үшін сынға түседі.


Айта кетсек, бұдан бұрын әлем чемпионатында еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі) қола жүлдегер атанды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Күрес #чемпион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тағдырын арқанға байлаған құрылыстағы альпинистер...

Бүгін 20:36

Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді

Бүгін 17:28

2026 жылғы 11-20 маусым аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 16:46

Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 16:03

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-ші театр маусымының жабылуына шақырады

Бүгін 15:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);