Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Өткен тәулікте Қазақстанда 45 адам қар құрсауынан...

Өткен тәулікте Қазақстанда 45 адам қар құрсауынан құтқарылды

Өмір-өзен 28.11.2022, 11:40 1,713
Өткен тәулікте Қазақстанда 45 адам қар құрсауынан құтқарылды
Сурет: Gov.kz

Мамандар дауылды ескертулердің бар екенін еске салады.


Республика бойынша өткен тәулікте 45 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жүргізушілер елемеген қатты аяз бен ауа райының қолайсыздығы төтенше жағдайға әкелді. 27 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында Қаратал ауылынан 10 км қашықтықта «Омбы-Майқапшағай» тас жолында ондаған жүк фургоны қар құрсауында қалып қойды. Оларға 25-ӨСБ құтқарушылары көмекке келді. Ауыр жүк көлігінің 16 жүргізушісінің бірі дәрігерлердің көмегіне мұқтаж болды. Құтқарылған жүргізуші, Беларусь азаматының қолын жеңіл үсік шалып, жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді. Алғашқы көмек алғаннан кейін ол босатылды, ауруханаға жатқызу қажет болған жоқ. Қалған жүргізушілерді құтқарушылар Қаратал ауылына КУНГ жылы көлігімен жеткізді. Қазіргі уақытта олар қонақүйде және оларға қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиға орнында жолды тазартатын жол қызметтері жұмыс істеп жатыр.


Сол күні Қостанай облысының Қамысты ауданында Алтынсарин ауылынан 10 км қашықтықта ТЖД күштерімен қар құрсауында қалған екі автокөліктің жолаушылары құтқарылып, Алтынсарин ауылының жылыту пунктіне жеткізілді.


28 қарашада Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында, Ақтөбе ауылынан 5 шақырым жерде ТЖД күштерімен медициналық көмекке мұқтаж емес 6 адам құтқарылды. Олар «Toyota» техникалық ақаулы автокөлігінен құтқарылып, «Ақтүбек» ТМҚП-ға жеткізілді.


28 қарашаға қараған түні Қарағанды облысында үш құтқару операциясы жүргізілді. Осакаров ауданы, Молодежный кентінен 3 км қашықтықта «Қызылорда-Павлодар» автожолында қатып қалу себебінен техникалық ақауларға байланысты жеңіл автокөлік жолда тоқтап қалды. Құтқарушылар көліктен екі адамды эвакуациялап, Молодежный кентіне жеткізді.


Екінші құтқару операциясы Шет ауданында жүргізілді. «Алматы-Екатеринбург» автожолының 901 шақырымында Ақсу-Аюлы ауылынан 18 шақырым жерде техникалық ақаулы автобустан ТЖД күштерімен Ақсу-Аюлы ауылына 19 адам жеткізілді. Автобус «Астана-Шымкент» бағыты бойынша бара жатқан.


Өңірлердің төтенше жағдайлар департаменттері бірнеше күн бойы жел, боран және аяз туралы хабардар етті. Қатты аязға байланысты әртүрлі көліктер үшін қозғалыс шектеулері енгізілді. Алайда азаматтар елді мекендерден тыс жаққа кетіп, қиыншылықтарға тап болды.


«ТЖМ бірқатар өңірлерде дауылды ескертулердің бар екенін еске салады. Ауа райы бұзылған кезде, әсіресе, түнгі уақытта, алыс жолға шығуды және жаяу жүруді шектеу қажеттілігі туралы ескертеміз. Сапар алдында автомобильдің техникалық жарамдылығын тексеріп, метеорологиялық болжамдар және дауылды ескертулер туралы ақпаратты қадағалап отырыңыз», - делінген министрлік хабарламасында.


Құтқарушылар тұрғындардан ауа райы тұрақталғанға дейін сапарлардан бас тартуды және оларды басқа уақытқа ауыстыруды сұрады. Естеріңізге сала кетейік, жолдардың жай-күйі туралы Darmen мобильді қосымшасынан білуге болады.Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ауа райы #жол #Қар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көрісу күні – Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні

Бүгін 10:19

Тарихта алғаш рет: қазақстандық альпинистер Альпідегі Эйгер тауының солтүстік қабырғасы — «Өлім қабырғасын» бағындырды

Бүгін 10:06

Көрісу күні қандай мереке?

Бүгін 10:00

Алматылықтар Көрісу күнін қалай атап өтетінін айтты

Бүгін 09:55

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашар

Бүгін 09:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика