AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өткен жылы Әуезов ауданындағы 65 ойын-сауық орнынд...

Өткен жылы Әуезов ауданындағы 65 ойын-сауық орнында 61 қылмыс жасалған

Әлеумет 24.02.2025, 11:34 1,068 Nursok82
Өткен жылы Әуезов ауданындағы 65 ойын-сауық орнында 61 қылмыс жасалған
Сурет: Astanatv.kz

Алматы полициясы ойын-сауық орындарында қауіпсіздікті күшейту қажеттігін мәлімдеді

Алматы қаласының полициясы қылмыс жиі тіркелетін ойын-сауық орындарын анықтап, олардың қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін атап өтті. 

Ішкі істер министрі жариялаған профилактика жылы аясында Әуезов ауданында ойын-сауық мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселесі бойынша арнайы жиын өтті. Жиынға аудандық полиция басқармасының, төтенше жағдайлар департаменті мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, сондай-ақ бар, мейрамхана және түнгі клуб иелері қатысты.

Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаевтың айтуынша, аудандағы 65 ойын-сауық мекемесінің 16-сында бұзақылық пен төбелес жиі тіркеледі. Өткен жылы осы орындарда 61 қылмыс жасалған.

Меңдебаев атап өткендей, көптеген ойын-сауық орындары күзет ұйымдарының қызметіне тиісті лицензиясы жоқ, ал күзетшілер жанжалдарды тоқтатудың орнына, келушілерді ғимараттан шығарып жіберумен ғана шектеледі. Бұл жағдай қылмыстың көбеюіне әкеп соғады.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша, ойын-сауық орындарында қылмыстың алдын алу шараларын күшейту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, есірткі саудасының алдын алу жұмыстары басты назарға алынып, мекеме иелеріне нақты міндеттер жүктелді.

Ойын-сауық мекемелерінің иелеріне:

  • Лицензиясы бар кәсіби күзет қызметін қолдану;
  • Бейнебақылау камераларын орнату және олардың санын арттыру;
  • Қақтығыс жағдайларын азайту үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қарастыру міндеттелді.

Алматы қаласының құқық қорғау органдары қауіпсіздік ережелерін бұзған ойын-сауық орындарына қатаң шаралар қолданатынын ескертті.

 
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #полиция #ойын-сауық орны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19

Алматыда автобус жолақтары мен веложолдар желісі кеңейтіліп, бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 11:11

Алматыда «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында жастармен ашық диалог өтті

Бүгін 11:09

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады

Бүгін 11:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);