AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Өткен жылы Алматы музейлерін тамашалауға шамамен 3...

Өткен жылы Алматы музейлерін тамашалауға шамамен 310 мың адам келген

Мәдениет 28.01.2025, 17:12 750 Nursok82
Өткен жылы Алматы музейлерін тамашалауға шамамен 310 мың адам келген
aqshamnews.kz

Ал билеттер сатылымынан 85,5 млн теңге табыс түсті. Бұл - қала тұрғындары мен қонақтарының мәдени мұраға деген қызығушылығы артқанын, музейлердің қызмет көрсету сапасы жақсарғанын дәлелдейтін рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылдан бері оқушылар қалалық музейлерге тегін кіретінін ерекше атап өткім келеді. Бұл мүмкіндікті ата-аналар ғана емес, мұғалімдер де тиімді пайдаланып, балаларды экскурсияларға апарып жүр. Былтыр 85 мың оқушы тарихи жәдігерлер мен өнер туындыларын гидтердің жетекшілігімен зерттеп, танысты. Олар осы мүмкіндік арқылы мәдениет пен өнерді, тарихты терең түсіне бастайды. Балаларыңызбен бірге музейлерге баруды әдетке айналдырыңыздар.

Қала әкімі Ерболат Асқарбекұлы музей ісінің және музей қызметкерлерінің жан-жақты дамуына үлкен назар аударып, қолдау көрсетіп келеді.

Біздің мамандар әлемнің үздік мәдени ошақтарында кәсіби дағдыларын жетілдіріп, білім алып жатыр. Оқып-үйренгенін қала музейлерінде енгізіп, қызмет көрсету сапасын арттыру үшін аянбай еңбек етуде. Әкімдік бастамасымен қызметкерлердің айлығы 30%-ға өсіп, соңғы бірнеше жылда 30 маман баспаналы болды.

Былтыр әріптестеріміз 80-нен астам көрме өткізді, жүздеген мәдени іс-шара ұйымдастырып, мәдени астанамыздың дамуына атсалысып жүр.

Биыл бірнеше музей құрылысы бойынша құжаттамалар әзірленеді. Одан бөлек, Алматы аумағында сақталған ерте темір ғасырының жалғыз ескерткіші – Боралдай сақ қорғандарын геосканерлеу жұмыстары бойынша ауқымды жұмыс атқарып жатырмыз. Жуырда музей ісін дамыту бойынша жақсы жаңалықтармен бөлісетін боламыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#музей #турист #Мұрағат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Кеше 22:31

Елзат Ескендірдің «Әбілі»: өтпелі кезеңнің көркем келбеті

Кеше 21:33

«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына Президенттің БАҚ саласындағы Алғысы берілді

Кеше 18:46

Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады

Кеше 18:31

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды

Кеше 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);