AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Отбасындағы тұрақтылық пен өзара сыйластық – қоғам...

Отбасындағы тұрақтылық пен өзара сыйластық – қоғамның берік негіздерінің бірі

Заң мен тəртіп 29.05.2026, 12:15 162 yakiya
Отбасындағы тұрақтылық пен өзара сыйластық – қоғамның берік негіздерінің бірі

2026 жылғы 18 мамыр мен 08 маусым аралығында Қазақстан Республикасының аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы өткізілуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған кең көлемді іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әрбір отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда отбасындағы тұрақтылық пен өзара сыйластық – қоғамның берік негіздерінің бірі. Дегенмен тұрмыстық жанжалдар мен отбасылық құқық бұзушылықтар әлі де өзекті мәселелердің қатарында қалып отыр. Осыған байланысты акция аясында полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, халықпен тығыз байланыс орнатуда. Әкімшілік аумақтарда үй-үйді және аулаларды аралау жұмыстары жүргізіліп, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бағытында кешенді шаралар қолға алынуда.

Профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғындармен түсіндіру әңгімелері өткізіліп, отбасындағы татулықты сақтау, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері кеңінен түсіндірілуде. Сонымен қатар, азаматтарға қолданыстағы заң талаптары, дағдарыс орталықтарының қызметі және уәкілетті органдардың көмегіне жүгіну тәртібі жөнінде ақпарат берілуде.

Мамандардың пікірінше, мұндай профилактикалық шаралар қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, отбасылық жауапкершілікті арттыруға және әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе, қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды ерте кезеңде анықтау олардың өмірлік жағдайын тұрақтандыруға және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуге жол ашады.

Акция аясында полиция қызметкерлері азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауға шақырады. Себебі әрбір отбасының амандығы мен тыныштығы – қоғам тұрақтылығының кепілі. Кез келген құқыққа қарсы әрекеттің алдын алу, зардап шеккен азаматтарға уақытылы көмек көрсету және олардың құқықтарын қорғау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

Айта кету керек, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, қоғамдағы қауіпсіздік пен отбасылық құндылықтарды нығайтуға өз үлесін қоса бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отбасындағы зорлық-зомбылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);