AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отбасы - екі жақтың да ортақ жауапкершілігі

Отбасы - екі жақтың да ортақ жауапкершілігі

Әлеумет 31.05.2025, 14:11 734
Отбасы - екі жақтың да ортақ жауапкершілігі
ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Қазақ дәстүріндегі отбасы құндылығы» республикалық танымдық конференциясында  баяндама жасаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы мәселеге тоқталды.

«Отбасы тек бір адамның емес, екі жақтың да ортақ жауапкершілігі. Ер мен әйел өз отбасына қамқор, қиындықта бірге болуға міндетті. Пайғамбармыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде, әйелдеріңнің сендердің алдында және сендердің әйелдеріңнің алдында тиісті міндетттерің бар», – деп ескертті. Шын мәнінде, шариғатқа негізделген отбасы – берекенің, мейірімнің және имандылықтың ордасы. Осы себепті әрбір мұсылман отбасы құру мен оны сақтап қалуға жауапты.

Ислам дінінде де, қазақ халқының дәстүрінде де отбасы мәселесі үлкен маңызға ие. Ислам отбасын киелі шаңырақ ретінде сипаттаса, қазақ дәстүрі отбасын ұлттық рухтың, мәдениеттің және әдет-ғұрыптың алтын бесігі деп бағалайды. Қыз бала – әдеп пен ибаның иесі ретінде, ұл бала – ел мен жердің қамқоры ретінде ерлікке, батырлыққа тәрбиеленген. Келін – жаңа түскен отбасының берекесі ретінде саналса, күйеу бала – бөтен емес, төрге шыққан құрметті адам ретінде қарастырылған» деді ҚМДБ Төрағасы өз баяндамасында.

Республикалық танымдық конференцияға зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар, отбасылық сарапшылар, дін қызметкерлері, студент жастар мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отбасы #ҚМДБ #жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика