AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отандық тасымалдаушыларға 800-ге жуық электрондық...

Отандық тасымалдаушыларға 800-ге жуық электрондық рұқсат бланкісі берілді

Әлеумет 16.05.2024, 16:07 923 dulatbekova
Отандық тасымалдаушыларға 800-ге жуық электрондық рұқсат бланкісі берілді
Сурет: Gov.kz

Халықаралық автомобиль жүктерін үшінші елдерге/елдерден тасымалдауға рұқсат бланкілерін беру процесі жеңілдетілді

Естеріңізге сала кетейік, 13 сәуір күні цифрлық рұқсат бланкісін пайдалана отырып, алғашқы машина Қазақстан мен Өзбекстан шекарасын кесіп өтті, дп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Осылайша, бүгінгі таңда 780 электрондық бланк берілген. Айта кетерлігі, мұндай инновациялық шешімдер логистикалық процестерді едәуір жеңілдетіп, жүк тасымалын тиімдірек етеді, сонымен қатар алыпсатарлық проблемаларын алдын алуға көмектеседі деп күтілуде.

Мәселен, осы жылдың сәуір айында «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы өтуге рұқсат беру «Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрық күшіне енді. Аталған бұйрық негізінде жүктерді тасымалдауға арналған үшінші елдерге/елдерден тасымалдауға өзбекстандық рұқсат бланкілері электрондық форматқа ауыстырылды.

Отандық тасымалдаушыларға электрондық рұқсаттар беруге өтініштерді қабылдауды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары CarGoRuqsat электрондық кезегінің автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырады.

Ол үшін төмендегі құжаттардың болуы шарт:

1) электрондық кезек жүйесінде тіркелу;

2) көлік құралдарына арналған құжаттар;

3) шетелдік рұқсатты қолдану арқылы/қолданусыз рұқсат куәлігі;

4) көлік қозғалысына берілетін  рұқсат карточкалары;

5) ҚР аумағынан шыққаны үшін алым сомасын бюджетке төлеу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көлік министрлігі #тасымалдаушылар #электронды рұқсат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);