AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Отандық фильм Үндістанда өткен кинофестивальде жоғ...

Отандық фильм Үндістанда өткен кинофестивальде жоғары марапатқа ие болды

Мәдениет 02.02.2023, 12:40 1,225
Отандық фильм Үндістанда өткен кинофестивальде жоғары марапатқа ие болды
Сурет: Ашық дереккөз

Асқар Ілиясов «Үздік ер адам рөлі» сыйлығын жеңіп алды


Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген қазақстандық «Паралимпиец» фильмі Үндістанда (Мумбай қ.) өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кинофестивалінде жоғары марапатқа ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Режиссер Алдияр Байрақымовтың «Паралимпиец» фильміндегі басты рөлді сомдаған Асқар Ілиясов «Үздік ер адам рөлі» сыйлығын жеңіп алды.


Фестивальге 14 елден барлығы 57 туынды ұсынылды. Отандық делегацияны Димаш Құдайберген бастады.


Айта кету керек, бұл фильмнің алғашқы марапаты емес – өткен жылы ол Ресейдегі кинофестивальдерде 2 мәрте гран-при алды. 


Кинотуынды қазақстандық паралимпиадашылардың өміріндегі шынайы оқиғаларға негізделген. Фильм 2018 жылы Пхенчханда өткен қысқы Паралимпиада тұңғыш чемпионы Александр Колядиннің жеңіске жету жолын баяндайды.



«Мен өте бақыттымын. Бұл менің алғашқы сыйлығым. Кино түсіріліміне ұзақ әрі қарқынды дайындалдық, жанымызды салдық десем де болады. Біздің басты мақсатымыз - паралимпиадашылар туралы айту, олардың жеңісі қандай ерік-жігерді талап еткенін және оның артында күш пен ұмтылыс тұрғанын көрсету. Әрине, туындының мемлекеттік қолдаудың арқасында жарыққа шыққанына қуаныштымын», - деді жүлдегер Асқар Ілиясов.



Сонымен қатар, кинофестивальде отандық «Ұлы дала таңы», «Мұқағали», «Мама, мен тірімін!», «Адемоканы оқыту» және «Ыстық көл» фильмдері көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фильм #Марапат #Паралимпиец
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);