Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ош қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ресми түр...

Ош қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ресми түрде ашылды

Саясат 22.08.2025, 16:35 454
Ош қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ресми түрде ашылды
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары қарсаңында Ош қаласында Қазақстан Бас консулдығының ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев, Қырғызстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Асеин Исаев, Қырғызстан Президентінің Ош облысындағы Өкілетті өкілі Эльчибек Джантаев, Ош қаласының мэрі Женишбек Токторбаев, сондай-ақ қырғыз қоғамының және іскер топтарының өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Е.Қоныспаев аталған өңірде ҚР Бас консулдығының ашылуы екі ел арасындағы тату көршілік пен бауырластық қатынастардың берік әрі мызғымас сипатын айқындайтын ерекше маңызды оқиға екенін атап өтті.

«Қазақстан мен Қырғызстан – көршілер ғана емес, ортақ құндылықтар мен Орталық Азиядағы бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеуге ұмтылыс біріктірген ең жақын серіктестер және одақтастар. Бүгінде қазақ-қырғыз ынтымақтастығы жан-жақты өзара іс-қимылдың жоғары қарқынымен сипатталады. Мемлекет басшыларымыздың саяси ерік-жігерінің және жоғары әрі биік деңгейдегі тұрақты байланыстардың арқасында екі ел арасында мемлекетаралық өзара іс-қимылдың үлгілі моделі қалыптасты», – деді Министрдің орынбасары.

Осыған орай Е.Қоныспаев Ош қаласында ҚР Бас консулдығының ашылуы елдер мен халықтар арасындағы бауырластық қатынастарды одан әрі нығайтуға тың серпін беретін тағы бір маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде А.Исаев Қазақстанның Ош қаласында Бас консулдығының ашылуы – екі бауырлас ел арасындағы одақтастық қатынастардың тереңдей түскенін көрсететін маңызды дәлел екенін және бұл қадам екіжақты жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, кеңейтуге жаңа серпін беретінін атап өтті.

Ош қаласының мэрі Ж.Токторбаев өз сөзінде ұлы қазақ ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай қаладағы көшелердің біріне оның есімі берілетінін жеткізді.

Қазақстан Бас консулдығының консулдық округіне Ош, Жалал-Абад және Баткен облыстары кіреді. Аталған өңірлерде шамамен 3 мыңға жуық Қазақстан азаматы тұрады.

500 мыңға жуық халқы бар Ош қаласы – Қырғызстанның оңтүстік өңірінде әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретінде маңызды рөл атқаратын елдің екінші ірі қаласы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#консулдық #Ош #Қазақстан #бас консулдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Референдум мерекелік көңіл күйде: алматылық жастар ән мен би арқылы белсенділік танытты

Бүгін 15:41

Актер Жомарт Зейнәбіл ел болашағы үшін дауыс берді

Бүгін 15:37

Алматылық белгілі суретші Алпысбай Қазғұлов Бакудегі Қазақстан елшілігінде референдумға қатысты

Бүгін 15:37

Күйші Шәміл Әбілтай өз таңдауын жасады

Бүгін 15:31

Алматылықтар референдумға көршілерімен бірге келіп дауыс берді

Бүгін 15:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика