AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Орталық қалалық кітапханада Абайдың рухани мұрасы...

Орталық қалалық кітапханада Абайдың рухани мұрасы талқыланды

Әлеумет 10.08.2023, 09:05 1,118 Естай БОЖАН
Орталық қалалық кітапханада Абайдың рухани мұрасы талқыланды

Бүгін, Абай күніне орай Алматыдағы А.П.Чехов атаындағы Орталық қалалық кітапханада талқы отырысы өтті, деп хабарлайды almaty-aqshamy.kz. Іс-шарада Абай шығармалары, рухани мұрасы талқыланды.


Алматы Кітапханалары және Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңесімен бірлесіп өткізген шарасы «Ұлы Абай халық жүрегінде» деп аталды.


Алматы Кітапханалары бірлестігінің Жалпы мәселелер және цифрландыру жөніндегі директорының орынбасары Жандос Жамбылұлы шараның бастау сөзін сөйледі. Ол Абай күнінің мереке ретінде аталуының өзі ұлы ақынның шығармашылығы мен рухани мұрасына деген халқымыздың құрметі екенін атап өтті.



Бұдан кейін Абай шығармаларын орыс тіліне аударған аудармашылардың бірі, белгілі ақын Бақытжан Қанапиянов сөз алды. Ол сөзінде Абай шығармаларындағы адамзатқа ортақ ізгі құндылықтардың қай тілдегі оқырмандар үшін де жат еместігін баса айтып өтті.


Чехов атындағы орталық кітапханада өткен шара Абай шығармаларын, рухани мұрасын зерттеу, жас ұрпаққа Абай танымы мен гуманистік идеяларын сіңіруді басты мақсат етті. Бұған қоса, түрлі ұлттар мен этностарды қауымдастырған мемлекеттегі ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңыздылығын тануға да бағытталған.



Абай күніндегі айтулы шарада ұлы тұлғаның шығармашылығын арқау еткен жас жеткіншектер өз өнерін көрсетті. Жас өнерпаздардың мерекелік қойылымдары шараның мәдени бояуын аша түсті.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Абай #Тағзым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);