Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Орталық Азиядағы ең ірі жарыс Алматыда осымен он...

Орталық Азиядағы ең ірі жарыс Алматыда осымен он екінші рет өткізіліп жатыр

Спорт 01.10.2023, 06:13 1,338
Орталық Азиядағы ең ірі жарыс Алматыда  осымен он екінші рет өткізіліп жатыр
Сурет: Almaty-marathon.kz

Алматы марафоны - дәстүрге айналған бұқаралық спорттық шара.


Көпшілік іс-шара  жыл сайын 1 қазан күні өтеді, яғни бүгін ол  он екінші рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.


Алматы марафоны AIMS Халықаралық жарыстар мен жүгірулер қауымдастығына кіреді, марафон трассасы World Athletics стандартына сәйкес сертификатталған. Биыл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген 15 000 спортшы қатысады.


Марафонға 15 жастан асқан тілек білдірушілер 42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріске және Экиден командалық эстафетасына қатысуға болады. Сөре мен мәре Республика алаңында жоспарланған. Мәреге жеткен қатысушылар мәрешінің естелік медалін алады. Сонымен қатар ерлер мен әйелдер арасындағы жас санаттарындағы үздік үштік медальмен, грамотамен және ақшалай сыйлықпен марапатталады. 21,1 км және 42,2 км абсолютті жеңімпаздарда ақшалай сыйлық беріледі.


Дәстүрлі іс-шара аяқталғаннан кейін жиналған қаражаттың бір бөлігі қайырымдылық жобаларды қолдауға жіберіледі. 2022 жылы Қаскелең мен Талғардағы мүгедектігі бар балаларға арналған екі мектеп-интернатқа, «Солнышко» балалар үйі мен «Rehab Team» оңалту орталығына спорт нысандарын салып, қажетті жабдықтарды сатып алуға 45 500 000 теңге бөлінді. Бұған қоса, «Одиннадцать друзей Максима» командасына «Flying Start racing Wheelchair» он жарыс арбасы табысталды.


Алматы марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.


Марафонды өткізуге байланысты 1 қазанда сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін жарыс өтетін жерлерде жолдарда көлік қозғалысы ішінара жабық болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #марафон #Жүгіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика