AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Орталық Азияда тұңғыш рет азаматтық авиацияның өңі...

Орталық Азияда тұңғыш рет азаматтық авиацияның өңірлік ұйымы құрылды

Әлеумет 06.11.2024, 13:25 1,038 Bakyt
Орталық Азияда тұңғыш рет азаматтық авиацияның өңірлік ұйымы құрылды
gov.kz

Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрамына кіретін Еуразиялық азаматтық авиация конференциясы (EACAC) Алматыда алғашқы отырысын өткізді. Бұл форумға әр елдің авиация саласының өкілдері қатысып, әлемдік авиациялық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге бағытталған қадамдарды қарастырды. Отырыста, сондай-ақ, Моңғолияның авиациялық билік өкілдері байқаушы ретінде қатысты.

Отырысты ашқан Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев: "Еуразия өңірінде алғаш рет азаматтық авиация саласында осындай ұйым құрылуда. EACAC ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік, формальдылықты жеңілдету, орнықты даму және авиациялық кадрларды даярлау саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, болашақ сын-тегеуріндерге дайын болуға негіз қалайды", – деді.

EACAC-тың негізгі мақсаты – Еуразия аймағындағы мүше елдердің авиациялық билік органдары арасында үйлестіруді күшейтіп, ортақ платформаны дамыту. Осы мақсатта конференцияға қатысушылар Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясын құру туралы декларацияға қол қойды. Қазақстан тарапынан бұл құжатты ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева бекітті.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду өз сөзінде: "EACAC – халықаралық авиациялық қоғамдастықта пікірлерді біріктіріп, елдеріміздің күш-жігерін үйлестіретін маңызды бастама. Конференция салалық әріптестерден және үкіметтерден үлкен қолдау алды", – деп атап өтті.

Іс-шара барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі оқыту орталығының жобасы мен "EASAS инспекторлар базасы" бірыңғай платформасын құруға арналған тұсаукесерлер өтті.

Отырыстың нәтижесі бойынша, EACAC бас хатшысы болып Қазақстанның Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ал президенті ретінде Өзбекстан Республикасының Азаматтық авиация агенттігінің бас директоры Тахир Назаров тағайындалды.

 

EACAC міндеттері:

  • Аймақтық ынтымақтастықты және өзара қолдауды нығайту;
  • Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті жақсарту;
  • Ұшқышсыз авиацияны дамытуға бағытталған саясаттар мен рәсімдерді енгізу;
  • Аймақ елдерінің авиациялық мүмкіндіктерін нығайту, халықаралық деңгейде олардың орнын күшейту;
  • Техникалық көмек көрсету, кадрларды даярлау және техникалық ресурстардың ортақ "пулын" құру.

Анықтама: Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясын құру идеясы алғаш рет 2023 жылы мамырда Қазақстанда өткен "Орталық Азияның тұрақты дамуы мен транзиттік әлеуетін іске асыру жолындағы энергетикалық көшу" атты авиациялық диалогта көтерілген болатын. 2024 жылдың сәуір айында Тулузада (Франция) өткен ИКАО кеңесінде EACAC жобасы таныстырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Азаматтық авиация #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);