Оқушылар олимпиада жүлдегерлері атанды

Оқушылар олимпиада жүлдегерлері атанды gov.kz

Бангкок қаласында жасөспірімдер арасындағы 20-шы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO-2023) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасының барлық алты мүшесі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Олимпиадаға әлемнің 54 елінен 311 оқушы қатысты.


Олимпиада үш турдан тұрды: тестілеу, теориялық және эксперименттік. Әр турда физика, химия және биология пәндері бойынша тапсырмалар ұсынылды.


20-шы жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасының қола медаль иегерлері:
Батыр Ержанұлы, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;
Альтаир Аканов, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 9 сынып оқушысы;
Дария Бектұрсын, Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы;
Данияр Базарбай, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 8 сынып оқушысы;
Иван Рудик, Павлодар қаласындағы Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы.


Құрама команданың жетекшілері:
Самат Максутов - PhD доктор, SDU University доценті;
Аскар Мажикенов - Назарбаев Университет магистранты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21